93 жастағы Робот

93 жастағы Робот
жеке
блог

Жиырмасыншы ғасырдың басы. Осыдан бар-жоғы жиырма бес жыл бұрын Рентген сәулелері ашылды, біраз уақыттан соң дизель қозғалқышы құрылды, алғашқы радиотелеграмма қабылданды. Бірінші дүние жүзілік соғыста алғашқы танктер, ұшақтар сыннан өткізілді. Қыздыру жібі бар электрлампа жасалынып, электр энергияны үлкен көлемде өндіретін өндірістер пайда болды. Жиырмасыншы ғасырдың басы осындай еді. Ғылым, техника, соғыс жүргізу тәсілдерінде үлкен өзгерістер орын алды. 
Жиырма жылдан соң, 1916-1917 жылы «Форд T» жеңіл автокөлігінің 785 432 данасы сатылады. Автокөлік құны 350 долларды құрады (мөлшермен, қазіргі бағамен 1050-1400 доллар). Осы жеңіл автокөліктің 15 175 868 данасы шығарылады. 
Әр түрлі тауарға деген сұранысты қанағаттандыру үшін фабрикалар, зауыттар салынды. Қазіргі кезге дейін сақталған өндіріс салалары пайда болып, қарқынды дамыды. 
Жұмысшы табы. Өндірісі бар қала тұрғындарының көбісі жұмысшылар. Оларды еңбекті атқару үшін жалдайтын. Еңбек ақыларына күндерін көрді. Бірақ, сонымен қатар жұмыссыздық та болды. Өйткені жұмыс орындарындағы еңбекті атқаруға қажет жұмысшылар саны тұрақсыз. Әлеуметтік мәселелер шешілмеді. 
Жұмысшылар табын әкелген және жұмыссыздықты әкелген капиталистік қоғам. Жұмыссыздықты мәселе ретінде жоюдың шешімін капиталистік қоғам таппады. 
Машиналармен күрес. Он тоғызыншы ғасырда жұмыссыздықтың туындауының себебі «жұмысшының еңбегін тартып алған машиналарда»,- деп тапқан Луддит қозғалысы тарихта «машина бұзушылар» атымен қалды. Он шақты жылдың ішінде Луддитер көтеріліске шықты. Үкімет олармен күрес жүргізді. Англияда 1789 жылы машина бұзғандар үшін өлім жазасы қолданысқа енгізген заң қабылданды. Осы заң бойынша жазаға тартылғандар болды.
Машина және адам. 1921 (93 жыл бұрын) жылдың 25 қаңтарында Карел Чапектің RUR пьесасын театр көрермендері жақсы қабылдап, қиялымен ұшқыр жазушының қаламынан шыққан «машиналар мен адамдар» қарым-қатынасы туралы пәлсафалық ойымен танысты. Пьесада өте ауыр қара жұмысты білдіретін «работа» чех сөзінен: «Робот» -деп арнаулы машиналар түрін атады. 
Пьесада Робот жасау техенологиясы -сезімі, сұранысы жоқ, ақылында және дене құрылысында еш артық-кемтігі жоқ, тек білім-іс. Көптеген тәжірибе жасаудың нәтижесінде алынған Роботтар, -дейді. Кейіннен көптеген кинофильмдерде автор ойының жалғасын көреміз. Мысалы, «Терминатор» кинофильмінде.
Қызық факт. Пьесада роботтар механикалық емес химиялық болған. Елена Глории атты кейіпкер пьеса барысында «робот жасаудың формуласын» жояды. 
РУР пьесаның қысқаша мазмұнына шолу жасайық.
Аударма, сондықтан түсініктеме берейін. Ғалым Үлкен Домин, кіші Домин. Пьесадағы директор Доминға ғалым Үлкен Домин арғы атасы, кіші Домин атасы болып келеді. Үшеулерінің есімдері Домин.
Алквист архитектор. Алквист адамның есімі. Архитекторды «конструктор» деп оқысаңыз бәрі өз орнына келеді.
Пролог.
Россум Универсальді Роботтары (РУР) кәсіпорнында сырт пішімі, қимыл ісі адамдарға өте ұқсас машиналары шығарылды (Роботтарды). Үлкен өндіріс державасының президентінің қызы Елена Глори РУР компаниясының фабрикасы орналасқан аралға келеді. Онда РУР директоры Доминмен кездеседі. Домин компанияның тарихын айтып береді. Компания негізін қалаушысы Доминдердің үлкені — ғалым Домин «жасанды адамдар жасау арқылы» Құдайдың барын жоққа шығаруды мақсат қояды. Ал кіші Домин болса -пәлсафалық негізгі ойды елемей, құрылысы қарапайым, адамға ұқсас мақұлықтарды жұмыс істету үшін шығара бастайды. Домин жалпы өндірістерінде роботтар жасау технологиясы* және экономика негізі -еңбекке деген сұраныс жатқанын Еленаға түсіндіреді.
Домин мысал ретінде өзінің хатшысын көрсетеді -өз ісін соншалықты шебер, жақсы білетін –Елена оны робот кейпіндегі адамға ұқсатып, «робот» дегені алдау деп ұғады. Әрі қарай жалғасында Елена фабриканың азын-аулақ негізін қалаушыларымен кездеседі. Оларды адам емес робот деп шатастырып -өзін адамдардың құқысы жөніндегі ұйымының «Адамгершілік Лигиясы»-ның өкілі ретінде таныстырады. Өкіл ретінде мақсаты -Роботтарды адамзаттың қанау-иелінушілігінен босату, -екенін айтады. Бірақ алдында тұрғандары робот емес, адамдар. Осы келеңсіздіктің басы ашылып, және де кәсіпорын цехтарына экскурсия аяқталған соң, Елена және Домин бір-біріне көңілдерін білдіреді. Сосын үйленеді.
Бірінші акт.
Он шақты жылдар өтті. Адамдар «адамды кемсітетін» еңбектен құтқарылды. Доминнің арманы орындалды. Жер бетінде тауар жеткілікті көлемде өндіріледі. Еш уайым-қайғысыз адамзат өмір кешті.
Елена және бала бағушысы Нана арасындағы диалогта дүние жүзінде болып жатқан жайттар туралы сөз етіледі. Елена адамзат басына төніп келе жатқан қауіп -қатерді сезіп, мазасыздана бастайды. Жуықта бір газеттен жер бетінде бірде-бір адам баласы дүниеге келмегенін оқыған болатын. Жер -ана адам баласы сегіз миллиардтан артқан соң санымен толтырғанды тоқтатыпты (адамдар дүниеге бала әкелгенін тоқтатыпты). 
Сонымен қатар роботтарға қатысты спонтанды жаңалықтар келе бастады. Кейбір роботтар мутацияға ұшыраған. Кейбіреулері адамға дейін эволюциялық жолмен дамып, адамға айнала бастаған дегендей. 
Роботтар арасында бүлік шығаратындары шықты. Бүлік шығарған роботтар жойылатын. Елена өзінің сүйікті тәжірибелі роботы –бүлікші Радийге қатысты шешім күшін жойып, аман алып қалады. Доктор Гел -өндірісте роботтарға жан бітіруші –тәжірибелі робот қызды сипаттайды, оның аты да Елена еді. Елена Глори басқа адамдардан жасырын, білдіртпей робот жасаудың құпия формуласын өртеп жібереді.
Екінші акт.
Екінші акт бойында Радий бастаған Робот көтерілісшілері фабриканы басып алмақшы болады. Директор Домин және оның көмекшілері, Елена фабрикада қамауда қалады. Роботтарды тек фабриканың ток жүргізілген қоршауы ұстап тұрады. Бірақ, өкінішке орай, электр тоғын өндіретін цех көтерілісшілердің қолдары жететіндей орналасқан, сол себепті роботтар фабриканы аз уақыт ішінде басып алатынын қамауда қалғандардың бәрі түсінеді. Ғалым, үлкен Домин жасаған «робот жасаудың» формуласын көтерілісші Роботтарға сату арқылы бостандық алу туралы ұсыныс қамауда отырғандардың бірінен түседі. Елена формуланы өртеп жібергенін жариялайды. Сол кезде фабрикада калғандар адам цивилизацияның күйреп, аяқталғанын мойындап жылап-сықтайды. Біраз уақыттан соң, роботтар фабрикаға батыл шабуылдап, басып алады. Алквист архитектордан басқа адамдар өлтіріліп жалғыз өзін тірі қалдырады (роботтар оны «робот секілді жұмыс істейтін дейді»).
Үшінші акт.
Жылдар өтті. Роботтар үкметі барлық адамдардың көзін жойды. Алквист жалғыз тірі қалған адам. Оның ісі –жаңа роботтар жасау үшін қажет –роботтар жасаудың құпия формуласын табу. Формуласыз цехтан тек жаннан айырылған сүйек пен ет шығады. Ол архитектор, оған тапсырған тапсырысты орындап шығу қажет. Алквисттің өзі де формуланы табуға құмар, бірақ қолынан келмейді. Жасы үлкен, кәртейді және өзіне сенімсіз, сәтсіздікке ұшыраған соң көңілі қалған. Адамнан жалғыз қалған соң оған өмір сүрудің өзі оңайға тимей, оны қынжылтады. Роботтардың формуланы жасап шығару жөніндегі талабына –жер бетін түтіп-тарағандай қарап, тірі қалған бір адамды тауып әкелуін сұрайды. Бірақ бәрі кеш. Өзінен басқа тірі адам қалған жоқ.
Алквист өз ісінің алға баспағанына өкініп, шешімін таба алмай, жаңа жасалған роботтарға жан бітіру жолын түсіну үшін жұмыс істеп тұрған роботтар ішін ашып көрмекші болады. Примус атты роботқа көзі түседі, сосын бұрын сөз етілген Елена Глоридің келбетіне ұқсас жасалынған роботты таңдайды. Сол кезде роботтар бір-бірінің орнына біреуінің жанын қиыуын сұрайды. Алквист болса, роботтар арасында махаббат сезімін пайда болғанын, роботтар арасында дүниеге келген Хауа Ана (Ева) және Адам Ата (Адам) пайда болғанын түсінеді.