iPhone бағдарламаларын қалай жылдам реттеуге болады?

iPhone бағдарламаларын қалай жылдам реттеуге болады?
Фото: verge.com

MacRumors – Apple өнімдеріне қатысты контент жасайтын ең танымал сайттың бірі. Сол сайт iPhone смартфонының лайфхагымен бөлісті. Бұл ұсақ-түйек функцияның бірі, бірақ оны білетіндерден білмейтіндер көп. 

Бұл тәсіл бірнеше бағдарламаны бір беттен екінші бетке немесе бір бумаға бірден апару үшін өте қолайлы. Мысалы бір бетке әлеуметтік желілерді, бір бетке сервистерді жинап қоюға болады. Бұл тәсіл iOS 11 жүйесінен бері бар екен. Бірақ оны білмейтін қолданушылар біршама. Дәл осындай реакция iPhone меңзеріне қатысты лайфхакта болған еді. Еске салайық, егер бос орын батырмасын басып тұрсақ, меңзерді бір саусақпен оңай басқаруға болады (3D Touch керек емес).

Massaget.kz