Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Техно / Білесіз бе? / iPhone суықта неге сөніп қалады?

iPhone суықта неге сөніп қалады?

iPhone суықта неге сөніп қалады?

iPhone смартфонын қолданушылар қыс мезгілін ұната қоймас. Себебі Apple шығаратын бұл өнім аязда өшіп қалады. Әсіресе қажет кезде қол байлайтыны өкінішті. Бірақ оның алдын алуға болады. Қалай?

Смартфон суық ауа райына аса "төзімді" емес. Қуаты жылдам таусылып, кей бағдарламалары істемей, соңында сөнеді де қалады. Apple мамандары iPhone смартфондары 0 мен +35 °C аралығында жақсы жұмыс жасайтынын айтады. Ал өшкен смартфон -20°C мен +45°C аралығында сақталуы тиіс.

iPhone смартфондарының суық түссе "ауыратынын" көпшілік білсе керек. Алдымен экраны саусақты сезбей қалады. Желі жоғалып, өздігінен өшіп қосыла бастайды. Кейде біржола өшеді. Бұл неліктен?

Бұған себеп - литийионды аккумулятор. Суықта батарея иондарының құрамы өзгеріп, сыйымдылығы жоғалады. Жоғалғанда уақытша ғана. Егер қуаты жартысынан көп болса, қайта қосылады.

iPhone сөніп қалмау үшін не істеу керек?

► Далаға шығар алдында смартфонды 100% қуаттап алу керек

Қарапайым әрі керек кеңес. Егер қуаты көп болса, бірден сөніп қалмайды. Кей сәтте сөнбейді де.

 Смартфонды қаптап жүрген жөн

Смартфонды қаптаған сізге ұнамауы мүмкін. Бірақ iPhone-ға қыста тыс (чехол) салған жөн-ақ. Суықтан қорғайды.

 Құлаққап пайдалану керек

Жолда келе жатып сөйлескенде құлаққапты пайдаланған жөн. Жылы қалтадағы смартфонды сыртқа шығармай қолдансаңыз, өзінен-өзі сөніп қалмайды.

 Сыртқа шығарда ауыр ойындарды ойнап шығу

Көшеге шығар алдында смартфон сөніп қалмас үшін процессорге күш түсіретін ойындарды ойнап шыққан жөн. Себебі қызып тұрған смартфонның "жаурап қалу" ықтималдығы төмен болады.

 Навигатор қолданбаңыз 

iPhone смартфондарын суық күндері көшеде жүргенде немесе көлікте навигатор ретінде пайдаланбағаныңыз жөн. Сондай-ақ смартфонды салқын көлікте қалдырмау керек.

 Денеге жақын ұстаңыз

iPhone смартфонын ішкі қалтада салып жүрген жөн. Денеге жақын әрі жылы болады. Ал жан қалтада болса тез салқындап, сөніп қалуы мүмкін.

Смартфон сөніп қалған жағдайда не істеу керек?

► iPhone сөніп қалғанда алдымен жылу керек. Бірден қатты ыстыққа қыздырып, қуат көзіне жалғауға да болмайды. Бұл смартфонға зиян.

► Жылы жерде сақтап, 30-40 минуттан кейін барып смартфоныңызды қосыңыз.

► Қыста жан қалтаңда қосымша аккумулятор болғаны жақсы. Смартфонды кез келген уақытта қуаттандырып алуға болады.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: WomanSecret
Қосылған күні: 04 қаңтар, 16:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.