- Негізгі бет
- Техно
- Instagram Reels –...
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram әлеуметтік желісі Reels атты жаңа форматты енгізді. Сервис Instagram-ның ішіне кіріктірілген. Мұнда TikTok-тағыдай 15 секундтық видеоға музыка, AR эффекті қосуға болады.
Reels-ты әзірге 50 мемлекет тұрғындары пайдалана алады. Оның ішінде Қазақстан әзірге жоқ. Facebook-тың Ресейдегі баспасөз қызметінің айтуынша, компания сол қандай да бір мемлекеттегі музыканы пайдалану құқығына ие болмаса, сол елде компанияның жаңа сервисті қосуға мүмкіндігі жоқ.
Reels видеоны монтаждауға, роликке музыка қосуға мүмкіндік береді. Сервис бұған дейін Бразилияда тестіленген.
Еске салайық, 31 шілде күні Трамп танымалдығы күн сайын артып бара жатқан TikTok қосымшасына тыйым салуға шақырды. Көп ұзамай ол америкалық Microsoft компаниясына қосымшаны 15 қыркүйекке дейін сатып алуға мүмкіндік беретінін айтты.
Massaget.kz