Аз уақытта танымал болған TikTok қандай әлеуметтік желі?

Аз уақытта танымал болған TikTok қандай әлеуметтік желі?

TikTok – әлемдегі ең танымал әлеуметтік желінің бірі. Шілде айының соңында желіні жүктегендер саны 1 миллиардқа жетті. Әлем назарын жаулаған TikTok қандай бағдарлама? Оның қандай жетістіктері бар?

TikTok қалай пайда болды?

2014 жылы қытайлық бағдарламашылар Алекс Чжу мен Луис Янг Musical.ly бағдарламасын жасап шығарды. Онда 15-тен 60 секундқа дейінгі музыкалық видеолар жасап, өзгелермен бөлісуге болатын еді. Musical.ly басқа қытайлық стартаптардай емес, халықаралық нарыққа бағытталып, тез танымал бола бастады. 2016 жылы 100 миллион қолданушы межесін бағындырды.

Бірақ Чжу мен Янг сияқты бұл бағытқа қызыққандар көп болды. 2016 жылдың қыркүйегінде қытайлық ByteDance компаниясы Douyin әлеуметтік желісін ұсынды. Сервистің функциялары ұқсас болды, бірақ Musical.ly-ден айырмашылығы – ол ҚХР нарығына бағытталды. Бағдарлама бірден танымал болып кетті. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, 4 айдың ішінде Douyin желісін 100 миллион қолданушы жүктеп алды. 

ByteDance бір Қытайдың өзі аздық етеді деп, халықаралық нарыққа шықты. 2017 жылдың қыркүйегінде ByteDance Douyin-нің халықаралық нұсқасы, TikTok-ты жарыққа шығарды. Бағдарламаны қолданған ең алғашқы ел Индонезия болды.

2017 жылдың қарашасында ByteDance Musical.ly жобасын 800 миллион АҚШ долларына сатып алып, 2018 жылдың тамызында оны TikTok-пен біріктіріп жіберді.

TikTok қандай желі?

TikTok – 15 секундтық музыкалық видеороликтер түсіріп, бөлісуге болатын әлеуметтік желі. Видеоға сай келетін музыка таңдап, ән мәтініне немесе фильм сөздеріне ілесіп орындауға болады. 

TikTok Instagram мен Snapchat-тың қоспасы іспеттес. Желіде екі лента бар: жазылымдар мен ұсынылатын видеолар. Видеоға лайк басып, пікір жазуға, өзге қолданушыларға жазылуға болады. Бағдарлама шеті жоқтай көрінетін лентаны ақтарып отыратын қолданушыны дәл Instagram сияқты жіпсіз байлап қояды.

TikTok-ты кім қолданады?

TikTok жасөспірімдер арасында танымал. Бағдарламаны жалпы саны 1 миллиард рет жүктеген. Салыстыру үшін: былтыр TikTok-ты 663 млн рет, Facebook-ты  711 млн, ал Instagram-ды – 444 млн рет жүктеген. 

TikTok-тың осынша кең қолданылуына Үндістан айтарлықтай әсер етті. Себебі үнді жастары өздерінің музыкалық және би қабілетін көрсетуге құмар. Үндістан қолданушылары TikTok-тың төрттен бір бөлігін құрайды екен.

Image result for top non-game apps by worldwide downloads

TikTok-тың күнделікті аудиториясы 800 миллионнан асады. Мұндай қарқынмен ол Facebook пен Instagram-ға бәсекелес болуы мүмкін. Дегенмен Snapchat-тың күйін кешіп, Instagram-ға жол беруі де ғажап емес.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Польшада дүниежүзіндегі ең терең бассейн ашылды
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Адамдар қоныстанған әлемдегі ең кішкентай 5 арал
Метеорит неге жасыл түсті?
Метеорит неге жасыл түсті?
Антарктида мен Арктикада интернет бар ма?
Антарктида мен Арктикада интернет бар ма?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ