Ең жиі қолданылатын құпиясөз белгілі болды

Ең жиі қолданылатын құпиясөз белгілі болды
Фото: freepik.com

Антивирус жасайтын Avira компаниясы ең жиі кездесетін және қауіпсіздік деңгейі төмен құпиясөзді анықтады. Ол 123456 немесе qwerty емес, одан да осал болып шықты.

Хакерлер қандай да бір құрылғы немесе аккаунтты бұзу үшін бірінші кезекте құпиясөз жазылатын өрісті бос қалдырады екен. Көптеген авторизация жүйесі, әсіресе роутерлер мен IoT-құрылғылар құпиясөз орнына бос орын жазуға мүмкіндік береді. Хакерлер оны көп жағдайда пайдаланып кетеді. Зерттеуде анықталғандай, бос орын жазылған құпиясөздің үлесі – 25,6%. Ал логин мен құпиясөз комбинациясын жазып тексергенде 23,4% жағдайда сай келген. Мысалы admin/admin.

Символ құпиясөздердің ішінде де ең танымал құпиясөздер кездеседі. 2018 жылы SplashData компаниясы жиі кездесетін сөздер мен сандар комбинациясын жариялаған еді. Рейтингтегі ең танымал әрі сәтсіз құпиясөздер көшін "123456" бастап тұр. Бұл құпиясөз бесінші жыл қатарынан көш басында келеді.

2018 жылдың ең танымал 25 құпиясөзі:

1. 123456
2. password
3. 123456789
4. 12345678
5. 12345
6. 111111
7. 1234567
8. sunshine
9. qwerty
10. iloveyou
11. princess
12. admin
13. welcome
14. 666666
15. abc123
16. football
17. 123123
18. monkey
19. 654321
20. !@#$%^&*
21. charlie
22. aa123456
23. donald
24. password1
25. qwerty123

Massaget.kz