Құпиясөз қауіпсіз болсын десеңіз

Құпиясөз қауіпсіз болсын десеңіз

Ғаламтордың дамуымен оның күнделікті өмірде тудыратын қиындықтары да көбеюде. Кейде әлеуметтік желідегі парақшаға кіруге қажетті құпиясөзді ұмытып қалатын сәт болады. Бұл ғаламторда белсенді кез келген адамның басынан өткен оқиға.

Қазіргі таңда құпиясөздің маңызы артқан. Бір ғана құпиясөзді білу арқылы әлеуметтік желіден бастап банктегі шотыңызға дейін қопарып шығуға болады. Сол себепті құпиясөзді қалай құпия сақтаған жөн, қандай сөздерді қолдану дұрыс екені туралы әңгімелейтін боламыз.

Қолдануға болмайтын құпиясөздер

Бірінші кезекте әлемде кеңінен таралған және қолдануға болмайтын құпиясөздердің тізімін жасап шықсақ.

- ретімен жазылған сандар: 12345, 337799, 10011001;

туған күн;

тегіңіз, атыңыз;

үй немесе ұялы телефон нөмірі;

пошта мекенжайы;

көп таралған сөздер: password, qwerty, administrator, admin

Міне, жоғарыда көрсетілген жүйеде құпиясөзді құрудан аулақ болыңыз. Бұлар ең әлсіз әрі кеңінен таралған құпиясөздерге жатады. Ендеше құпиясөзді қалай ойлап табамыз? Төмендегі кеңестерге көз жүгіртейік.

Қауіпсіздік қағидасы

- Құпиясөз күрделі әрі есте қалатындай болу қажет. Мысалы, есіңізде ерекше жайтпен қалған күндер. Құпиясөзді ойлап тапқан күн, болмаса, алғаш телефон алған күніңіз. Тек туған күн немесе жылды жазудан аулақ болу қажет. 

- Көзіңізге жатық телефонды бұғаттан шығару жүйесі санға және әріпке айналдыру. Кез келген пішінді ойлап тауып, соны телефондағы әріп не санға айналдыру арқылы ұмытпайтындай құпиясөз құруға болады.

- Құпиясөз неғұрлым ұзын болғаны абзал. 8 таңбадан аз емес, бірақ 25-тен асып кетпегені жөн. Ең дұрысы – 14 пен 25 аралығын ұстану.

- Жаңа сөз ойлап табыңыз. Кейде таңбалар мен сандардың өзі жеткіліксіз болып жатады. Ондай кезде жиі пайдаланылатын жаттанды сөздердің орнына көп адамның ойына келе бермейтін тың сөздерді қолданған дұрыс. 

- Егер күрделі құпиясөзді жаттау қиынға соқса, 2-3 орташа деңгейдегі құпиясөзді кезекпен ауыстырып отырыңыз. Тым құрығанда айына бір мәрте өзгерту қажет. 

- Әлеуметтік желідегі парақшаңызды хаккерлер бұзып алмасын десеңіз қосымша функцияларға жүгініңіз. Мысалы, бір уақытта екі телефоннан бір аккаунтқа кіре алмауы, аккаунтқа жаңа құрылғы арқылы кіру үшін телефон нөмірге СМС сұрату.

- Құпиясөздің қорғанысы мықты болу үшін ерекше символдарды қосуды да ұмытпаңыз: A!maty@Astana0. 

- Әріптен гөрі ерекше символдар мен сандарды қолданған дұрыс. Бұл сіздің құпиясөзіңіздің қауіпсіздігін арттырады. 

Ұмытпау үшін

Құпиясөзді жадыңызға сақтаған абзал. Алайда күрделі құпиясөзді жаттау қиынға соғады. Ондай кезде қойындәптеріңізге жазып қойсаңыз болады. Алайда бұл әдіс қауіпсіз екені жадыңызда болсын. 

Бірнеше құпиясөзді жаттау да қиын екені сөзсіз. Егер мұндай қиын жағдайға тап болғыңыз келмесе кеңінен таралған KeePass, LastPass немесе Roboform бағдарламарына жүгініңіз. Ең бастысы - бағдарламаға кіруге қажет құпиясөзді ұмытпаңыз.

Сақтансаң, сақтайды!

Әр жүйеге жеке құпиясөз ойлап табу;

Мүмкін болған жердің бәріне екі факторлы сәйкестендіру опциясын қолдану;

Браузерде құпиясөзді сақтамау;

SSL-сертификаты жоқ сайттарда құпиясөзді термеу; 

2-3 ай сайын құпиясөзді жаңартып отыру;

Ешкімге құпиясөз туралы тіс жармау қажет.

Кішігірім статистика

  1. 123456;
  2. 123456789;
  3. qwerty;
  4. 12345678;
  5. 111111;
  6. 1234567890;
  7. 1234567;
  8. password;
  9. 123123;
  10. 987654321;
  11. qwertyuiop;
  12. mynoob;
  13. 123321;
  14. 666666;
  15. 18atcskd2w;
  16. 7777777;
  17. 1q2w3e4r;
  18. 654321;
  19. 555555;
  20. 3rjs1la7qe;
  21. google;
  22. 1q2w3e4r5t;
  23. 123qwe;
  24. zxcvbnm;
  25. 1q2w3e.

Әлемдегі қолданушылардың 17% жоғарыдағы 25 құпиясөздерді қолданады екен. Егер бұл тізімнен өзіңіздің құпиясөзіңізді көрсеңіз дереу түрде өзгертіңіз.




ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Marhaba Sabi - Marsqa
NINETY ONE - QIYALMAN