- Негізгі бет
- Техно
- Apple-дің жаңа штаб-пәтерінің...
Apple-дің жаңа штаб-пәтерінің құрылыс жұмыстары аяқталып келеді
Атақты Apple компаниясының жаңа штаб-пәтері салынып, құрылыс жұмыстары аяқталып келеді. Оператор Дункан Синфилд мұны видеоға түсіріп, желіге жариялады. Видео Дункан Синфилдтің YouTube каналында жарияланды.
Кампустың құрылысы 2013 жылы басталғаны белгілі. Жобада 260 шаршы метр аумақты сақина түрінде құрылған төрт қабатты ғимараттың құрылысы қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, KGI Securities компаниясының сарапшысы Минг-Чи Куо Apple-дің келесі жылы шығаратын гаджеттеріне болжам жасап көрген еді. Оның зерттеуі бойынша, 2018 жылы 3 смартфон шығады, олар: біріншісі – 6,5 дюйм OLED-экранды, екіншісі – iPhone X секілді 5,8-дюйм, үшінші – 6,1 дюйм LCD‑экранды. Ал, жақында желіде болашақ iPhone SE2 туралы алғашқы мәліметтер тарады. Оның тұсаукесері биыл өтеді деп болжам жасалды. Таралған әр түрлі қауесеттерге қарағанда жаңа iPhone-да шыны корпус пен сымсыз зарядтау функциясы болады.