SMM маманына қажет 5 қосымша

SMM маманына қажет 5 қосымша
Фото: geomarketing.com

Бүгінде әлеуметтік желінің қоғамдағы рөлі артып келеді. Оның үстіне ғаламтормен тікелей байланысты мамандықтар да пайда болды. Соның бірі - SMM маманы. Әлеуметтік медиа маркетингі (қысқаша атауы SMM) мамандарына сұраныс жоғары. Назарларыңызға SMM маманының смартфонында міндетті түрде болатын 5 қосымшаны ұсынамыз.

1. Buffer

iOS және Android

Бірнеше аккаунтыңызды бір бағдарлама арқылы басқара аласыз. Facebook, LinkedIn, Google+ және Twitter - бір қосымшада. Өте ыңғайлы. Сондай-ақ Buffer-ден әр жарияланған посттың статистикасын көруге болады. Ал жаңартылған Buffer бағдарламасы Safari браузерімен біріктіруге болады. 

2. Inshot 

iOS және Android

Inshot - фото және видео өңдеуге арналған қосымша. Жаныңызда ноутбугыңыз болмаса, осы бағдарлама арқылы видеоны өңдеп, кесіп, музыка қойып, жылдамдығын азайтып не көбейтіп, мәтін жаза аласыз. Өзге қосымшалар секілді жұмыс үстінде жарнама көрсетіп уақытыңызды алмайды. Өңделген фото не видеоңызға қосымша логотипі жапсырылмайды. Оның үстіне тегін қолдануға болатын қосымшалары өте көп. Ал ешқайсысы ұнамай жатса қалтаңыздан азғантай ақша шығарып, тағы да қосымшаларын сатып ала аласыз. Таптырмас қосымша!

3. Snapseed 

iOS және Android

Егер Inshot-та фото өңдеу ыңғайсыз әрі сапасы нашар болса, Snapseed сізге көмектеседі. Фото өңдеудегі мүмкіндіктері көп. Артық затты алып тастауға, бірнеше стильдегі мәтін жазуға, фотоны түзетуге болады. Оның үстіне фильтрі көп. Бастысы - тегін.

4. Google Analytics

iOS және Android

Google Analytics-ке арналған «Басқару тақтасы». Статистиканы қарау, компьютеріңізден алыс жерде жүріп-ақ қажетті ақпаратыңызды ала аласыз. 

5. Opera Touch браузері

iOS және Android

Смартфонға арналған ең үздік браузер. Үйдегі не жұмысыңыздағы компьютермен біріктіру арқылы бір браузерге ие боласыз. Браузердегі Flow қосымшасында сілтемемен бөлісіп, фото жүктеп, қажетті жұмысыңызды істей аласыз. Сөзсіз, үздік браузер!

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде отырмайтындар бірен-саран ғана. Жаңалықтан құр қалғыңыз келмесе бұрынғыдай теледидар алдында телміріп отырмай, тек әлеуметтік желіге тіркелсеңіз болғаны. Бұл қосымшалардың әр қайсысы әлеуметтік желідегі парақшаңызды жүргізуге зор үлесін қосары анық. Оның ішінде Instagram-ның мерейі үстем болып тұр. Бірі жаңалық қараса, енді бірі Instagram арқылы табыс тауып, отыр. Кәсібін әлеуметтік желі арқалы дөңгелетіп отырғандар жеткілікті. Егер өзіңіздің не кәсібіңіздің парақшасын дамытқыңыз келсе, Instagram-ның сіз білмейтін құпиялары жайлы мақаланы оқысаңыз болады.

Айбар Рысдәулет

Massaget