Instagram-ның сіз білмейтін 5 құпиясы

Instagram-ның сіз білмейтін 5 құпиясы
Фото: itc.ua

Instagram-ның құпияларын білесіз бе? Әлеуметтік желідегі парақшаңызды дұрыс жүргізе алмасаңыз біздің кеңес сізге көмектеседі.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде отырмайтындар бірен-саран ғана. Жаңалықтан құр қалғыңыз келмесе бұрынғыдай теледидар алдында телміріп отырмай, тек әлеуметтік желіге тіркелсеңіз болғаны. Оның ішінде Instagram-ның мерейі үстем болып тұр қазіргі сәтте. Бірі жаңалық қараса, енді бірі Instagram арқылы табыс тауып, ақша жасап отыр. Кәсібін әлеуметтік желі арқалы дөңгелетіп отырғандар жеткілікті. Егер өзіңіздің не кәсібіңіздің парақшасын дамытқыңыз келсе, төмендегі 5 құпияны білуге міндеттісіз.

1. Мәтінді дұрыс жазу

Парақшаңызға сурет жүктеп, астына жазу жазғанда мәтін әркелкі шығатынын білетін шығарсыз. Бұл абзацтың құпиясы неде екенін түсінбесеңіз, Telegram-дағы Text4InstaBot боты cізге көмектеседі. Бұл бот арқылы абзац түзеліп, мәтініңіз оқуға ыңғайлы болады. Мәтін жинақы, біркелкі әрі әдемі болса, жазылушылар саны да артады. Сапа бар жерде, сан да болатынын ескеріңіз.

2. Stories-ті дамыту

Қазір Instagram-ды бұл Stories-сіз елестету қиын. Көп қолданушылар парақшасында пост салғаннан гөрі, Stories-ке жүктегенді ұнатады. Сондай-ақ, Stories-тің әлеуметтік желідегі рөлі де артып келеді. Жарнама беруге де, хабарландыру жасауға да ыңғайлы. Ал оның көрілім санын қалай арттыру керегін білесіз бе? Ол үшін көп ізделетін, сұранысқа ие әйгілі хэштегтерді көрінбейтіндей етіп Stories-тің шетіне жазамыз. Оған қоса танымал тұлғаларды белгілеу арқылы да көрілім санын арттыруға болады. Керемет құпия!

3. Фото не видео жүктеу

Арнайы бағдарлама жүктемей, телефоныңызды жадын толтырмай фото не видеоны сақтауға болатынын білесіз бе? Ол үшін Telegram-дағы Instagram Saver арнасына тіркелуіңіз қажет. Instagram-да ұнаған не қажет фото, видеоны осы Telegram боты арқылы жүктеп алсаңыз болады. Әрі тікелей өз парақшаңызда жүктей аласыз.

4. WhatsApp-сілтеме

WhatsApp-қа тікелей сілтеме жасау үшін қолданушылар арнайы сайттарға кіріп, тіркеліп уақыт жоғалтып жатады. Алайда оның жылдам әрі оңай жолы бар. https://wa.me/нөміріңіз осы мысалдағыдай нөміріңізді жазсаңыз тікелей WhatsApp-қа өтуге болады. 

5. Пост көрілімін арттыру

Парақшаңызға жүктеген постыңызды Stories-ке де жариялауға болады. Stories-ке салынған пост оны көрген қолданушыны қызықтыруы мүмкін. Сол арқылы жариялаған фото не видеоңыздың көрілім санын арттыруыңызға таптырмас мүмкіндік екенін есте сақтаңыз.

Айбар Рысдәулет

Massaget