- Негізгі бет
- Техно
- NASA құрылғысы Марсқа...
NASA құрылғысы Марсқа қонды: Алғашқы суреттер
NASA-ның InSight зерттеу зонды кеше жазғанымыздай Астана уақытымен сағат 01:47-де Қызыл ғаламшардың Элизий аймағына сәтті қонды.
NASA ғалымдары: "Құрылғыда ешқандай ақау болмады, бәрі де ойдағыдай",-деп мәлімдеді. Зонд Марсқа қонып, бірнеше минуттан соң өзінің алғашқы суретін де жіберді. Суретте шаң-тозаң мен Қызыл ғаламшардың сұлбасы бейнеленген.
Құрылғы бағдарламысына орай кейінгі басқыш – күн батареяларының ашылуы. Бұл үдеріс 4 сағатқа созылады. InSight зонды осы уақытқа дейін Қызыл ғаламшарға жетіп, оның бетіне қона алған сегізінші құрылғы.
Құны 850 миллион доллар тұратын InSight зонды Марста 2 жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ол Марс бетіндегі температура мен оның сейсмикалық белсенділігі туралы ақпаратты жинайды, сондай-ақ ғалымдарға планетаның жерасты картасын жасауға көмектеседі. Зонд, штативті кран, жылу датчигі, сейсмометрмен жабдықталған және 5 метр тереңдікте дейін қаза алады. NASA мамандары осы арқылы өлі ғаламшардың табиғатын тереңірек үйренуді жоспарлап отыр.
Т. Раушанұлы