- Негізгі бет
- Техно
- «Facebook» желісінде кең...
«Facebook» желісінде кең тараған «BFF» сөзі қауіпсіздік кепілі ме?
«Facebook» әлеуметтік желісінде соңғы уақытта «BFF» сөзі арқылы өз аккаунтыңыздың қауіпсіздігін тексеру мүмкіндігі бар деген хабарлама қураған шөпке тиген оттай қаулап жүр. Анығында мұның пайдасы бар ма?
Пайдаланушылардың пікіріне қарағанда, егер «BFF» сөзін жазған кезде ол жасыл түсті болса, онда акаунтыңыз қорғалған. Жасыл түс шықпаса, аккаунтыңызға қауіп төніп тұр деген сөз, демек құпия сөзді ауыстыру керек.
Осы күндері «Facebook» әлеуметтік желісі айналасында дау өршіп тұр. Трамптың сайлау алды компаниясына қызмет көрсеткен «Cambridge Analytica» компаниясы «Facebook» желісіндегі 50 миллион адамның жеке мәліметтерін рұқсатсыз пайдаланды деп айыпталып жатыр.
Шындығында, «BFF» — «Facebook Text Delight» аббервиатурасы, мұны жазу арқылы сұқбаттасушыңызбен арадағы байланысты нықтай түсесіз деген сөз. «BFF» қырқартылған сөз, «Best friends forever», яғни "өміріңіздегі ең жақын достар" дегенді білдіреді.
Бұл «Text Delight»-тің жалғыз бұйрығы ғана емес, «best wishes» сөзін жазу арқылы қызыл түсті эфектіні экраныңызға шығаруға болады. Демек, «BFF» сөзі сіздің аккаунтыңыздың қауіпсіздігінің кепілі емес. Бұл әлеуметтік желіде көбірек уақыт өткізіп, достарыңызды көбейту, олармен жиірек байланыста болудың бір жолы ғана.
Т. Раушанұлы