- Негізгі бет
- Техно
- Android-смартфондар не себепті...
Android-смартфондар не себепті Instagram Stories-ті нашар сапада түсіреді?
Соңғы уақытта Android-смартфон иелері Instagram-ға салған сторилерінің сапасы нашар деген айыптар көбейіп келеді. Әсіресе iOS-тан Anfroid-қа ауысқан қолданушылар наразы. Себебі iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар мұндай проблемадан ада. Android-смартфондардың кейбір жаңа модельдерінде сториді өз сапасында түсіруге болады, құрбан болған тек ескілеу смартфондар ғана.
Android-смартфондар не себепті Instagram Stories-ті нашар сапада түсіреді?
Бар мәселе әлеуметтік желінің софтында екен. Бағдарламалық жасақтаманың 50-нұсқасынан бері Instagram видеоны H.264 MPEG 4 part 10 кодегімен жүктейді. Дәл осы ньюанс видеоның сапасыз, кадрлары бұлыңғыр түсірілуіне кінәлі. Instagram-ның арнайы форумдарында проблеманың шешімі көрсетілмеген және әлеуметтік жеді де бұған қатысты ресми мәлімдеме жасаған емес.
Instagram-дағы сторилердің сапасын қалай арттыруға болады?
Камераның табиғи мүмкіндігін сториде пайдаланудың үш тәсілі бар. Смартфондардың мүмкіндігі мен шыққан уақытына қарай әрқайсының өз артықшылығы мен кемшілігі бар.
Бірінші тәсіл: Instagram-ның ескі нұсқасын орнату
Instagram-ның ескі нұсқасы сапаны жоғалтпай жариялай алады. Мысалы 47-нұсқасын жүктеп алуға болады. Кемшілігі – софттың жаңа нұсқаларындағы функциялар мен дыбыстық хаттар жоқ.
Екінші тәсіл: Видеоны Open Camera арқылы түсіру
Бұл бағдарламада Instagram-ға сай дұрыс кодекпен видео түсіруге болады. Баптаулардан MPEG4 HEVC видеоформатын таңдаса жеткілікті.
Үшінші тәсіл: GbInsta модын пайдалану
GbInsta 1.50 мод нұсқасын орнатып, видео сапасын жоғалтпай түсіруге мүмкіндік. Мод барлық смартфонға жарай бермеуі мүмкін.
Massaget.kz