Android 10: Google "тәтті" атаулардан бас тартты

Android 10: Google "тәтті" атаулардан бас тартты

Google өзінің Android операциялық жүйесінің жаңа нұсқаларын шығарған сайын оларға "тәтті" атаулар қояды. Мысалы 2010 жылы шыққан Android 2.3 G, мұндағы G – Gingerbread (зімбір пірәндік). Сол сияқты Ice Cream Sandwich (сэндвичті балмұздақ), Jelly Bean (шайнайтын кәмпит), KitKat (шоколад бренді), Lollipop (мұз кәмпит), Marshmallow (зефир), Nougat (нуга), Oreo (печенье бренді), Pie (бәліш) деген атаулар қойылып келді.

Ал мамыр айында компания Android Q нұсқасының шығатынын хабарлаған еді. Содан қолданушылар Q-дің қандай тәтті десерт не тағам болуы мүмкін деп жорамалдай бастады. Оның ішінде Quiche (қайнатылған кремді бәліш), Queen of Puddings (дәстүрлі британ десерті), Qottab (иран бәліші) нұсқалары танымал болды.

Бірақ Android-тың жаңа 2019 жылғы нұсқасы тек саннан тұратын болды, жай ғана Android 10.

Жаңа нұсқамен бірге Android атауының шрифті пен түсі өзгерген.

Massaget.kz