Өміріңіздің соңына дейін қанша қалғанын еске салып отыратын Google қосымшасы

Өміріңіздің соңына дейін қанша қалғанын еске салып отыратын Google қосымшасы

Бағдарламашы Энтони Моррис Chrome браузеріне арналған Social Media Death Clock қосымшасын жасады. Ол әлеуметтік желіде отырғанда өміріңіздің соңына дейін қанша қалғанын еске салып отырады.

Қосымшаны орнатқан соң, туған күніңізді көрсетуіңіз керек. Қосымша қолданушыға 80 жыл "өмір беріп", енді қанша уақыт қалғанын "күн", "сағат" форматында көсетеді. Social Media Death Clock-тың басты ерекшелігі – оның таймері Facebook, Instagram, Twitter және YouTube логотиптерін алмастырады. Бұл әлеуметтік желілерге кірген сайын таймерді назарда ұстау үшін жасалған. 

Моррис осылайша адамдарды интернетте барынша аз уақыт өткізуге шақырады. Github веб-сервисінде ол Social Media Death Clock латынның memento mori (өлімді ұмытпа) сөзі негізінде жасалғанын жазды.

"Өмір жылдамдығы біздің немен айналысып жүргенімізді ойлантпай қоймайды. Уақыт – біз қайтара алмайтын нәрсе. Сіз оны қалай өткізгіңіз келеді?", – дейді Моррис қосымша сипаттамасында. 


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді