Интернетте жеке деректі қандай бағдарламалар ұрлайды?

Facebook әкімшілігі зиянды бағдарламаның үш белгісі туралы хабарлады.

Әлеуметтік желі мамандары платформадағы аккаунттардан логин мен парольді ұрлайтын 400-ге жуық мобильді қосымшаны анықтады. Зиянды қолданбалар ресми Google Play Store және App Store дүкендерінде орналастырылған. Мыңдаған адамдар мұндай қолданбаларды жүктеп алуы мүмкін.

«Қолданушы зиянды бағдарламаны орнатқан кезде ол Facebook желісіне кіруді сұрайды, содан кейін жеке ақпаратты ұрлайды», - деп түсіндірді мамандар.

Компания сарапшыларының айтуынша, әлеуметтік желілер арқылы кіруді талап ететін қосымшалар ең қауіптісі саналады.

«Фейсбук қолданушысының логині мен құпия сөзін талап ететін фотосуреттерді өңдеуге арналған қосымшалар сияқты бағдарламалардан сақ болыңыз», - дейді мамандар.

Теріс пікірлер мен базарлардағы төмен бағалар қолданбаның қауіпті екенін де көрсетуі мүмкін. Тағы бір белгі – бұл қолданба уәде еткен функциялар мен авторизациядан кейінгі нақты функциялар арасындағы сәйкессіздік.