Bayraktar: Түркияның әлем талқылаған пилотсыз ұшағы

Bayraktar: Түркияның әлем талқылаған пилотсыз ұшағы
Фото: trend.az

2014 жылы түріктің «Baykar Makina» компаниясы «Bayraktar TB2» деген атпен пилотсыз аппарат шығара бастады. Бұл қару әскери салада төңкеріс жасады. Бүгінде осы ұшаққа көптеген елде сұраныс жоғарылап, оған тапсырыс беріп жатыр.

Әлем дамыған сайын жаңа техникалар жасалып жатыр. Соның ішінде әскери өнеркәсіпте те қарыштап дамыды. Сондай техникалардың бірі Түркияда шығарылған – Bayraktar ​​пилотсыз аппараттары.

Қозғалтқышының күші автомобильдікімен тең болатын Bayraktar  аппаратының отын шығыны тым көп емес. Олар сағатына орташа есеппен 10 литрден сәл астам жанармай жұмсайды.

Сонымен қатар, бұл ұшақ ескі үлгідегі зениттік қорғаныс жүйелерімнен мүлдем байқалмайды. Bayraktar-дың осындай артықшылығы сатып алушыларды өзіне тартады.

© ixbt.com

Ұшақтың шығу тарихы

Түркия НАТО-ның мүшесі болса да, күрдтер мәселесіне байланысты АҚШ пилотсыз ұшақтарын осы елге сатуға көп жыл бұрын тыйым салған болатын. Осы себепті түрік әскери инженерлері өздерінің аппараттарын жасау жұмысына кірісіп, бұл тұрғыда үлкен жетістіктерге жетті.

Bayraktar ​​ұшағын «Baykar Makina» шығарады және компанияның тарихы өткен ғасырдың 80-жылдарынан басталады.

1986 жылы Оздемир Байрактар ​​автомобильдерге қосалқы бөлшектер шығаруға маманданған «Baykar Makina» компаниясын құрды.

Өздемир Байрактар (оң жақта), «Baykar Makina» компаниясының негізін қалаушы / © Twitter/Dr. Bekir Pakdemirli

Компания ұзақ жылдар бойы өз саласы бойынша өнім шығарып, Түркиядағы танымал компаниялардың біріне айналды.

2000 жылдан бастап «Baykar Makina» компаниясы авиация саласына еніп, пилотсыз басқарылатын құрылғылар жобасы бойынша жұмысын бастады.

Ал, отбасының ортаншы ұлы Селжұқ Байрақтар ​​АҚШ-тағы беделді Массачусетс технологиялық институтында оқыған. 2005 жылы ол өзінің алғашқы аппарат Bayraktar Mini-ді құрастырды.

Селжұқтың бұл пилотсыз ұшағы түрік әскерилерін қызықтырады. Олар тапсырыс беріп, Bayraktar Mini-ден 19 дана сатып алады.

2007 жылы Селжұқ Байрақтар ​​диссертациясын сәтті қорғағаннан кейін Түркияға оралады және пилотсыз ұшу аппараттары жобасымен шындап  жұмыс істей бастады.

2009 жылы оның командасы «Bayraktar TB1» пилотсыз ұшағын жасап,  оны жетілдіруге кірісті.

Ақырында, 2014 жылы «Baykar Makina» компаниясы «Bayraktar ​​ТВ2»  пилотсыз ұшағын сынақтан сәтті өткізіп, сериялық өндірісін бастады.

Сол жылдың тамыз айында «Bayraktar TB2» әскери ұшағы пилотсыз құрылғылар арасында ең ұзақ ұшу рекордын орнатты. Ол бір рейсте 8000 метр биіктікте 24 сағат 34 минут ұшты.

Селжұқ Байрақтар ​​2016 жылы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның қызы Сумайя Ердоғанға үйленді.

Селжұқ Байрақтар ​​әйелі және қызымен / © diana-mihailova.livejournal.com

«Bayraktar ТВ2» құрылысы

«Bayraktar ТВ2» кішкентай ұшақ сияқты. Біраз уақыт ««Bayraktar ТВ2» Канаданың Bombardier Recreational Products компаниясы шығарған 100 ат күші бар Rotax 912 іштен жанатын қозғалтқышымен жабдықталды.

2020 жылдың күзінде Таулы Қарабақ үшін Әзірбайжан мен Армения арасындағы соғыста канадалық компания Байкар Макинаға қозғалтқыштарды жеткізуді тоқтатты, себебі әзірбайжандар Bayraktar TB2 пайдаланды. Осыдан кейін ««Bayraktar ​​ТВ2»-ге Украинада жасалған қозғалтқыштар орнатыла бастады.

«Bayraktar ​​ТВ2-де» бар қару:

Модульдік электронды-оптикалық және инфрақызыл камералар;

лазерлік қашықтық өлшегіш;

лазерлік мақсатағы құрылғы;

Көп функциялы, белсенді фазалық антенналық радар;

Ескі үлгідегі әуе қорғаныс жүйелерін бейтараптандыратын құрылғы;

Радиоэлектрондық құрылғыларға қарсы жүйе.

Автономды навигациялық жүйемен және жоғары сапалы оптикалық-электрондық модулімен жабдықталған «Bayraktar ​​ТВ2» ескі үлгідегі әуе қорғанысы құрылғыларымен нысанаға алынбайды. Бұл оған теңіз деңгейінен 7000 метр биіктіктен нысаналарды дәл көздеуге мүмкіндік береді.

2020 жылдың күзінде канадалық компания CMX-15D Wescam оптикалық-электрондық модулін жеткізуді тоқтатқаннан кейін, Түркияда жасалған Aselsan CATS оптикалық-электрондық модулі дронға орнатыла бастады.

«Bayraktar ТВ2» танктерге қарсы қолданылатын UMTAS лазерлік зымырандар бар, 500-ден 8 мың метрге дейінгі қашықтықтағы нысаналарды жоюға арналған.

Сонымен қатар, 8 мың метр қашықтықтағы объектілерді нысанаға алатын төрт «Бозок», «ROKETSAN МАМ-С», «MAM-L» авиабомбаларымен жабдықталған.

© fondsk.ru

«Bayraktar ТВ2» техникалық сипаттамасы:

Ұзындығы: 6,5 метр;

Қанаттары: 12 метр;

Жүкпен бірге салмағы: 650 кг;

Жанармай багының сыйымдылығы: 300 литр;

Қозғалтқыштың қуаты: 100 а.к.;

Максималды жылдамдық: сағатына 222 шақырым;

Басқару орталығынан басқару радиусы: 150 километр;

Максималды биіктік: 8200 метрге дейін көтеріле алады;

Тоқтаусыз ұшу уақыты: 27 сағат;

Жүк көтергіштігі: 150 кг.

© "Армия Информ" 

Түркияда қанша "Bayraklar TB2" бар?

2011 жылы Түрік қарулы күштері 107 Bayraktar TB2 пилотсыз ұшу аппаратын қатарына қосты.

2017 жылы Катарға 6 дрон және үш мобильді басқару станциясы сатылды.

2018 жылы Украина оларды басқару үшін 6 пилотсыз ұшақ пен 3 мобильді станцияны алу туралы келісімге қол қойды. Ұшақтар 2019 жылы жеткізілді.

2021 жылдың қыркүйегінде Украина тағы 48 ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ, Украина мен Түркия «Bayraktar ​​ТВ2» ұшағын бірлесіп шығару туралы келісімге келді.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей шабылуынан кейін Украинаға бірнеше пилотсыз ұшақтар жеткізілді. Олардың нақты саны туралы мәлімет жоқ.

Ирак 8 пилотсыз ұшақ сатып алу туралы келісімге қол қойды.

Әзірбайжан түрік пилотсыз ұшақтарын 2020 жылы сатып алған және олардың нақты саны белгісіз. 2020 жылдың күзінде Таулы Қарабақ үшін болған соғыста әзірбайжандар Bayraktar TB2-ні ұрыста сәтті пайдаланды, олар Арменияны жеңуде маңызды рөл атқарды.

2021 жылы Түркіменстан, 2022 жылы Қырғызстан және Эфиопия да бірнеше пилотсыз ұшақтар сатып алатынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Ливия, Марокко, Нигерия, Пәкістан «Bayraktar TB2»-ге тапсырыс берген.

"Bayraklar TB2" бағасы – 70 миллион доллар.

«Bayraktar ТВ2» әскери операцияларда

Bayraktar TB2-ден осы уақытқа дейін:

2016 және 2018 жылдары Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрд сепаратистерінің базаларына шабуыл жасады;

2019 жылы Түркия Ливияда генерал Хафтердің армиясына қарсы соғысты;

2020 жылдың күзінде Әзірбайжан Таулы Қарабақ үшін соғысты;

2021 жылы украиналық Донбасс сепаратистеріне қарсы әскери операциялар кезінде;

2022 жылдың 24 ақпанынан кейін Украина оны өз аумағына басып кірген Ресей әскеріне қарсы пайдаланды.

Басқа жобалар

Baykar Makina компаниясы кейінгі жылдары басқа да бірқатар жобалармен жұмыс істеді. Атап айтқанда, әртүрлі үлгідегі Bayraktar Akıncı, Bayraktar MIUS, Bayraktar Mini UAV, Vestel Karayel және Bayraktar TB3 ұшақтары шығарылды.

Bayraktar Akıncı \ © wikipedia.org

Байрақтар ​​Ақынжының суреттері 2018 жылы алғаш рет БАҚ-та пайда болды. Дәл сол кезде жұртшылық түрік инженерлерінің «Bayraktar ​​ТВ2-ге» қарағанда әлдеқайда үлкен және жетілдірілген пилотсыз аппарат жасағанын білді.

Bayraktar Akıncı техникалық сипаттамалары:

Ұзындығы: 12,2 метр;

Қанатының ұзындығы: 20 метр (Bayraktar TB2-ден 8 метр ұзын);

Биіктігі: 4,1 метр;

Жүкпен бірге салмағы: 5500 килограмм (Bayraktar ​​ТВ2-де 650 килограмм);

Жүк көтергіштігі: 900 килограмм (Bayraktar ​​ТВ2-де 150 килограмм);

Байрактар ​​Акынжы Украинада жасалған 450 ат күші екі турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған.

© Википедия

Bayraktar TB3

Bayraktar TB3 дрондары қазір өндіріліп жатыр және биылғы жылы алғашқы рейсін жасайды деп жоспарланған. Бұл аппарат 2021 жылы сынақтан сәтті өткен.

Болашақта түрік әскери-теңіз күштеріне тиесілі кемелерге Bayraktar TB3 пилотсыз ұшақтарын орналастыру жоспарланып жатыр.

Bayraktar TB3 техникалық сипаттамалары:

Ұзындығы: 8,35 метр (Bayraktar ​​ТВ2-де 6,5 метр);

Биіктігі: 2,6 метр;

Қанаттардың жалпы ұзындығы: 14 метр (Bayraktar ТВ2 12 метр);

Жүкпен бірге салмағы: 1450 килограмм (Bayraktar ТВБ2 650 килограмм);

Жүк көтергіштігі: 280 килограмм (Bayraktar ТВ2 150 килограмм);

Максималды жылдамдық: сағатына 300 шақырым (Bayraktar ​​ТВ2-де сағатына 222 шақырым);

Bayraktar TB3 сонымен қатар бірқатар зымырандар, снарядтармен жабдықталады. Оның ішінде L-UMTAS танкке қарсы зымыран кешені, нысанаға дәл тиетін MAM-C, MAM-L және MAM-T зымырандары, Roketsan Cirit зымыран жүйесі, TUBITAK-SAGE BOZOK лазерлік нысаналы зымырандар, TUBITAK-SAGE TOGAN миномет және TUBITAK - SAGE снарядтарымен қаруланған.

Техникалық мүмкіндіктерінен «Bayraktar TB3» пилотсыз ұшағының «Bayraktar TB2»-ге қарағанда артықшылығы бар екенін байқауға болады.

Т. Раушанұлы