АҚШ сынақтан өткізген Minuteman III қандай қару?

АҚШ сынақтан өткізген Minuteman III қандай қару?
Фото: MC2 Thomas Gooley/Keystone Press Agency

Калифорниядағы Ванденберг әуе күштерінің базасында оқталмаған Minuteman III континентаралық баллистикалық зымыраны сынақтан өткізілген. Бұл туралы АҚШ Әскери-әуе күштері қолбасшылығы хабарлады.

АҚШ әскери-әуе күштерінің айтуынша, мұның мақсаты "АҚШ ядролық күштерінің дайындығы" мен "ұлттық ядролық тежеу ​​құралының тиімділігін" көрсету.

"Бұл сынақ әлемдегі болып жатқан оқиғалардың нәтижесі емес", - делінген хабарламада.

Зымыран шамамен 4200 миль (6700 км) ұшып, Тынық мұхитындағы Маршалл аралындағы Кваджалейн атоллына жеткен.

Сынақ тамыз айының басында өтуі керек еді. Алайда АҚШ Қытаймен Тайваньға байланысты шиеленісті күшейтпеу үшін зымыран ұшыруды кейінге қалдырды, деп жазады The Wall Street Journal.

© valka

Minuteman III қандай зымыран?

LGM-30G Minuteman III – Minuteman тобына жататын америкалық континентаралық баллистикалық зымыран. Оны алғаш рет 1970 жылдары АҚШ Әскери-әуе күштері сынақтан өткізді. Бұл ресейлік "Тополь" ретінде танымал жеңіл баллистикалық зымыранының ең жақын аналогы, бірақ Топольдан айырмашылығы оның зымыран тасығыштары жоқ және тек бункерден ұшырылады.

2008 жылғы мәлімет бойынша АҚШ-та 550 ядролық оқтұмсықпен қаруланған 450 Minuteman III зымырандары бар.

Зымырандар жүйелі түрде жаңарып тұрады және жаңартылған нұсқалары үнемі сынақтан өткізіледі.

Т. Раушанұлы