Xiaomi гуманоид робот жасауда Tesla-ны басып озды

Xiaomi гуманоид робот жасауда Tesla-ны басып озды
Фото: firstpost.com

Кейінгі аптадағы технология мен ғылымға қатысты ең қызықты жаңалықтарды жинап, ұсынамыз.

Xiaomi компаниясының адам тәрізді роботы

Xiaomi сөйлей алатын, эмоцияларды сезіне алатын және әлемді 3D форматында көре алатын алғашқы гуманоид-робот – CyberOne ұсынды.

Роботтың биіктігі 177 сантиметр, салмағы 52 кило, ал максималды жылдамдығы сағатына шамамен 3,6 шақырым. Ол адам эмоциясының 45 түрін ажырата алады, оның денесі 13 буыннан тұрады, 21 қозғалысты орындай алады.

Роботтың бағасы 89 100 доллардан 104 000 долларға дейін бағаланады.

Meta компаниясының Blenderbot 3 чатботы

Meta компаниясының AI зертханасы жаңа заманауи чат-бот жасады.

Blenderbot 3 деп аталатын чат-бот интернеттен ақпаратты тауып, талдау арқылы кез келген тақырыптағы әңгімені жалғастыра алатыны атап өтілді. Сондай-ақ пайдаланушылар жауаптарын басу арқылы ақпараттың қайдан келгенін тексере алады.

Алғашқы ойларға сәйкес, бот шынымен де хат алмасудың тақырыбын анықтап, әңгімені өзі бастау мүмкіндігіне ие.

Робот «құмырсқа»

Бристоль университетінің ғалымдары құмырсқалардың мінез-құлқын қайталайтын мәліметтер жинайтын робот жасады.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін екі құмырсқа ұясы бар сынақ алаңы жасалып, оның үстіне әртүрлі бағытта қозғала алатын роботтық құрылғылар қойылды.

Тәжірибе көрсеткендей, құмырсқалар «көшбасшыға» еріп, жаңа ұяға бару және жолды есте сақтау арқылы кері жол табады. «Көшбасшы» құмырсқа қалғандарға айналаға қарап, көрікті жерлерді есте сақтауға мүмкіндік беруі керек.

Зерттеу авторлары білімнің адам өмірінде өте маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жаңа зерттеу басқа тірі организмдердегі білім беру процесін түсінуге көмектеседі. Бұл оқытудың стратегиялары мен әдістерін әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін.

Жаңа Galaxy Z Flip4 және Galaxy Z Fold4 смартфондары

Galaxy Z Fold4

Samsung компаниясы Galaxy Z Flip4 және Galaxy Z Fold4 жиналмалы смартфондарын таныстырды.

Екі смартфонның экраны кішірек және салмағы аз. Экран Corning Gorilla Victus+ қорғаныс әйнегімен қапталған. Смартфондар IPX8 стандартына сәйкес ылғалдан қорғалған.

Galaxy Z Fold4 жаңару жиілігі 120 Гц болатын 6,2 дюймдік сыртқы және 7,6 дюймдік ішкі дисплеймен жабдықталған. Құрылғының 12 ГБ жылдам және 256/512 ГБ/1 ТБ тұрақты жады, 4400 мАч батареясы бар.

Смартфонның басқа Samsung құрылғыларын зарядтау мүмкіндігі бар. Ол екі SIM картасымен және eSIM картасымен жұмыс істейді.

Оның алдыңғы камерасы 10 МП, ал ішкі дисплейі 4 МП камерамен жабдықталған. Негізгі модульде 50 Мп, 12 Мп модульдер, 10 Мп телефото линзалар бар.

Galaxy Z Flip4

Z Flip4 1,9 дюймдік сыртқы экранмен және 6,7 дюймдік негізгі экранмен жабдықталған. Сондай-ақ оның Snapdragon 8+ Gen 1 процессоры бар, тек 8 ГБ жедел жады және 128, 256 немесе 512 ГБ тұрақты жады бар. Алдыңғы камерасы 10 Мп, ал негізгі камерасы 12 Мп. Аккумулятордың сыйымдылығы 3700 мАч.

Жаңа Galaxy Z Fold4 Android 12L операциялық жүйесі орнатылған әлемдегі алғашқы смартфон болады.

Т. Раушанұлы