Телефон қуаттағышты ток көзінде қалдыруға бола ма?

Телефон қуаттағышты ток көзінде қалдыруға бола ма?

Әдетте телефонды қуаттағаннан кейін адамдар қуаттағыш құрылғысын ток көзінен ажыратуды ұмытып кетеді. Ата-аналар қуаттағышты ток көзінен ажыратпай тастауға болмайтынын, бұл қысқа тұйықталуға немесе тіпті өртке әкелуі мүмкін екенін айтып отырады. Бүгін біз бұл жағдай туралы барлық мифтерді сараптап көреміз және телефон қуаттау құрылғысын ток көзінде қалдыру шынымен қауіпті ме соны анықтаймыз.

Әрине, қуаттағышты ток көзінде қалдыруға болады. Миллиондаған адамдар мұны жеке тәжірибеде сынап көрді. Бірақ бұл әрекеттің айналасында көптеген мифтер мен күлкілі кеңестер туғаны сонша, сіз олардың қайсысы шындыққа сәйкес келетінін білмей қаласыз.

Электр энергиясын тұтыну

Телефонды қуаттау құрылғысы шынымен де телефонсыз да электр қуатын тұтынады. Бірақ  мұндай кезде құрылғы энергияның өте аз мөлшерін шығындайды. Егер сіз бір жыл бойы қуаттағышты ток көзінен өшірмесеңіз, онда шығын 1/3 киловатт болады. Бірақ шамадан тыс, тіпті елеусіз болса да, токқа  төлегіңіз келмесе, қуаттағышты одан ажыратыңыз.

Пайдалану мерзімі

Тағы бір танымал миф. Көптеген адамдар қуаттағыш ток көзінде неғұрлым ұзақ тұрса оның пайдалану мерзімі соғұрлым қысқа болады дейді. Бұл жерде біраз шындық бар екенін мойындаған жөн. Қуаттағыштың қызмет ету мерзімі орташа есеппен 50 000 сағатты құрайды. Бұл шамамен 6 жыл.

Бірақ орташа есеппен бір қуаттағышты 5 жыл пайдалану мүмкін емес. Көптеген адамдар осы уақыт ішінде бірнеше телефонды ауыстырады.

Өрт қаупі

Үйдегі ток көзі ескі немесе ақауы бар болса немесе қысқа тұйықталудан және шамадан тыс жүктемелерден автоматты қорғаныс болмаса, онда өрт қаупі бар. Бұл факторлар өрттің пайда болуына әсер етуі мүмкін.

Бірақ бұл мәселе қуаттауда емес – тізбектің кез келген бөлігінде қысқа тұйықталу пайда болуы мүмкін. Қауіпті болдырмау үшін қосылған құрылғыларды, тіпті теледидар мен тоңазытқышты да қараусыз қалдырмаңыз.

Қуаттағышты ток көзінен ажыратудың тағы бір жақсы себебі – найзағай. Бірақ бұл тек телефон қуаттағышына қатысты емес. Барлық электрон техникаларына қатысты.

Балалар мен үй жануарлары

Балалы үйде қуаттағышты ток көзінде қалдырмау керек.  Себебі, бала кез келген нәрсеге қызыққыш келеді және жаңа заттарды аузына салып, дәмін көргенді ұнатады. Мұндай кезде ток көзінде тұрған қуаттағыш бала үшін тым қауіпті. Бұл үйде ит-мысық ұстайтындарға да қатысты. Себебі, олар кабельді шайнағанды ​​жақсы көреді.

Т. Раушанұлы