АҚШ-тың әскери ғарыш ұшағы жаңа рекорд орнатты

АҚШ-тың әскери ғарыш ұшағы жаңа рекорд орнатты
Фото: technoguide.com.

АҚШ ғарыш күштерінің X-37B робот-ғарыш ұшағы төмен жер орбитасында 780 күн жүріп рекорд орнатты. Бұл туралы Space жазды.

Boeing Space бұл жаңалықты Twitter арқылы жариялап, ғарыш ұшағы 2010 жылы алғаш ұшырылғаннан бері әрбір рейсіндегідей, тағы бір рекорд орнатқанын жазды және АҚШ Әуе күштеріне, АҚШ ғарыш күштеріне және X-37B экипажының басқа мүшелеріне алғыс айтты.

X-37B қазіргі миссиясы бірнеше құпия миссияларды қамтиды, бірақ оның кейбір борт тәжірибелері көпшілікке жарияланады. Осындай эксперименттердің бірі – жаңа ұшақ АҚШ-тың Әскери-теңіз ғылыми-зерттеу зертханасының фотоэлектрлік радиожиілік антеннасының модулін және PRAM деп аталатын күн энергиясын микротолқындарға айналдыруға арналған шағын қораптағы құрылғыны сынады, содан кейін орбитадан Жерге оралды.

Әскери ғарыш ұшағының ұзындығы – 8,8 метр және биіктігі – 2,9 метр, қанатының ұзындығы 4,6 метр. Салмағы – 4990 кило.

X-37B 240-тан 805 километрге дейінгі биіктік диапазонында жұмыс істеуге арналған. Ұшақ толық автоматтандырылған орбитадан шығу және қону мүмкіндіктерін өзі атқарады, сондай-ақ толық электромеханикалық басқару жүйесімен жабдықталған.

Т. Раушанұлы