Масктың кемесі, тыңшылық үшін айыпталған TikTok: Аптаның технологиялық дайджесті

Масктың кемесі, тыңшылық үшін айыпталған TikTok: Аптаның технологиялық дайджесті

Өткен аптаданың ең қызықты технологиялық және ғылыми жаңалықтарын назарыңызға ұсынамыз.

Масктың гуманоид роботы мен ең жылдам суперкомпьютер – аптаның технологиялық дайджесті

© telesputnik

"Тыңшы" әлеуметтік желілер

YouTube және TikTok басқа әлеуметтік желілерге қарағанда пайдаланушылардың жеке ақпаратын көбірек жинайды, деп хабарлайды CNBC URL Genius маркетингтік компаниясының зерттеулеріне сілтеме жасап.

Зерттеу 10 түрлі әлеуметтік медиа қолданбаларында жүргізілді. Оның ішінде YouTube, TikTok, Twitter, Telegram, LinkedIn, Instagram, Facebook, Snapchat, Messenger және WhatsApp бар.

Сарапшылар ең күдікті қолданбалар ретінде YouTube пен TikTok-ты атады. 

YouTube пайдаланушылардың ақпаратын негізінен өздерінің мүдделері үшін қадағалайтыны атап өтіледі: олардың орналасқан жері, онлайн іздеу тарихы және пайдаланушыға қатысты жарнамаларды көрсету үшін басқа әрекеттер.

Қытайлық ByteDance технологиялық алыбына тиесілі TikTok сыртқы көздерге мақсаты белгісіз пайдаланушы деректерін жинауға мүмкіндік береді.

© global.techradar.com

Жаңа Galaxy Tab S8 планшеттері

Samsung компаниясы Galaxy Tab S8 планшеттерінің жаңа желісін ұсынды.

Оның Galaxy Tab S8, Galaxy Tab S8 + және Galaxy Tab S8 Ultra деп аталатын 3 үлгісі бар.

Планшеттер 8, 12 немесе 16 ГБ жедел жады және 128, 256 немесе 512 ГБ тұрақты жады бар Snapdragon 8 Gen 1 процессорларымен жабдықталған. Барлық планшеттерде 12 Мп алдыңғы камера және 13 және 6 Мп негізгі камера бар.

Galaxy Tab S8-де 11 дюймдік LTPS дисплейі бар, ал қалған екі құрылғыда 12,4 және 14,6 дюймдік Super AMOLED экрандары бар. Планшеттер 45 Вт зарядтағышпен жабдықталған, аккумулятордың сыйымдылығы үлгіге байланысты 8000 мА • с, 10 090 мА • с және 11 200 мА • с.

Жаңа планшеттердің сатылымы наурыз айында басталады.

© twitter@gizmochina

Қаңтар айының ең қуатты смартфондары

AnTuTu порталы ағымдағы жылдың қаңтар айындағы ең қуатты смартфондардың рейтингін жариялады.

Тізімдегі бірінші және екінші орындарда iQOO 9 Pro және iQOO 9 смартфондары.

Үздік бестікке Realme GT2 Pro, OnePlus 10 Pro және Xiaomi 12 Pro кіреді.

Бұл смартфондардың барлығы Snapdragon Gen 1 процессорымен жабдықталған.

© Tag Heuer

TAG Heuer компаниясының келесі буын смарт сағаты

Швейцариялық TAG Heuer сағат бренді Connected Calibre E4 "ақылды" сағаттардың жаңа буынын таныстырды.

Жаңа сағаттардың диаметрі 42 және 45 миллиметр және экран сапфир кристалымен қорғалған.

Ол сонымен қатар Snapdragon 4100 Plus процессорын, Bluetooth 5.0 қолдауын және күндізгі уақытта қайта зарядтамай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кеңейтілген батарея жүйесін қамтиды. Сағат жаңа магниттік қондыру құрылғысынан қуат алады.

Жаңа TAG Heuer сағаттары 2022 жылдың наурыз айында сатылымға шығады. Диаметрі 42 мм сағат бағасы – 1800 доллардан, ал 45 мм моделі – 2000 доллардан басталады.

© detroitnews.com

General Motors Spark және AvtoVAZ Lada Granta өндірісін тоқтатады

General Motors (АҚШ) 2022 жылдың тамызынан бастап Spark көлігінің өндірісін тоқтатады. Компания мұндай шешімге 2021 жылы аталған модельдің сатылымы күрт төмендегесін келген.

Қазіргі уақытта компания көліктердің үш моделін шығарады: Camaro, Corvette және Malibu.

АвтоВАЗ сонымен қатар 2023 жылдан бастап Lada Granta-ның орнына B класындағы жаңа үлгілер сериясын шығарады.

© aerotime.aero

Ұшақтағы қонақ үй

Францияда жойылуы тиіс Airbus A380 ұшағы қонақүйге айналады, деп хабарлады Aerotime Hub.

Әуе кемесі 31 стандартты екі орынды, үш немесе төрт орынды жартылай люкс және екі люкс бөлмеден тұрады.

Қонақ үй кешенінде 60 орындық мейрамхана да бар.

Airbus A380 – Airbus S.A.S. шығарған әлемдегі ең үлкен әуе лайнері. Оның биіктігі 24 метр, ұзындығы 73 метр. Әуе кемесінің үш класты моделі 525 жолаушыны, ал бір класты моделі 853 жолаушыны сыйдыра алады.

Starship / ©SpaceX

Масктың планета аралық кемесі

SpaceX-тің негізін қалаушы Илон Маск Starship ғарыш кемесінің жаңартылған нұсқасын таныстырды.

Starship жүйесі ғарыш кемесі мен Super Heavy зымыран тасығышынан тұрады. Қазіргі уақытта компания жүйені қайта пайдалануға болатын етіп жасау және Ай мен Марсқа ұшуларды бастау жұмыстарымен айналысуда.

Ғарыш кемесі ғарышта болғаннан кейін зымыран-тасығыш бөлініп, ұшу мұнарасына оралады. Болашақта жүйе әр 6-8 сағат сайын қолжетімді болады.

Маск Super Heavy зымыран тасығышы ғарышқа ұшырылған ең үлкен Saturn V зымыранынан күштірек деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта зымыранның 29 қозғалтқышы бар, ал болашақта қозғалтқыштардың саны 33 болуы мүмкін.

Т. Раушанұлы