Tesla балаларға арналған электрлі квадроцикл жасап шығарды

Tesla компаниясының ресми сайты балаларға арналған Cyberquad for Kids электрлі квадроцикл сатылымы басталғанын хабарлады.

Квадроцикл 8 жастан асқан балаларға арналған. Cyberquad көлігінің салмағы 55 кг және 68 кг жүк көтере алады.

Электрлі квадроцикл сағатына 16 км жылдамдықпен қозғала алады. Батарея толық қуатпен 25 км-ге дейін жүре алады, оның толық зарядталуы 5 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Балаларға арналған Cyberquad квадроциклының бағасы –  1,9 мың доллар.