Instagram жаңа функциясын іске қосты

Instagram жаңа функциясын іске қосты
Фото: blogdumoderateur.com

Instagram әлеуметтік желісі жаңа функциясымен қолданушыларын қуантты. Енді компьютер арқылы ұзақтығы 1 минутқа жетпейтін видео мен фото жүктеуге болады. Бұл туралы компания twitter желісіндегі парақшасында хабарлады.

Бұл функцияны іске қосқанымызға қуаныштымыз. Енді сіздер бір минутқа жетпейтін видео мен фотоларды браузер арқылы Instagram-ға жүктей аласыздар, - деп жазылған хабарламада.

Осыған дейін әлеуметтік желіні қолданушылар фото мен видеоны мобильді қосымша арқылы ғана жүктей алатын. Ал браузер арқылы қарау мен бағалауға ғана мүмкіндік болған.

Н. Үсенова