iPhone 13-тің тұсаукесері күзде өтеді

iPhone 13-тің тұсаукесері күзде өтеді
Фото: teknocun.com

iPhone 13-тің тұсаукесері 2021 жылдың қыркүйек айына жоспарланды. Бұл жайлы Mydrivers порталы жазды.

iPhone-ның жаңа версиясының шығуына да аз қалды. 13-ші iPhone-ның төрт түрі сатылымға шықпақ: 13 mini, iPhone 13, iPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max.

Ең қымбатының оперативті жады – 6 Гб, тұрақты жады – 1 Тб. Қалыпты 13-тіктердің оперативті жады – 4 Гб. Флеш-картаның жады сол бұрынғыдай – 64, 128 және 256 Гб.

Pro-нұсқаның флеш-картасы 512 Гб пен 1 Тб-қа дейін жетпек.

Жаңа iPhone-ның нақты бағасы әлі белгісіз. Бірақ кейбір дереккөздерге қарағанда, бағасы шамалы арзан болмақ. Яғни, 13 mini-нің бағасы шамамен $700, теңгенің курсымен есептегенде 300 мың теңгенің айналасы. Ал қымбаты – iPhone 13 Pro Max-тың бағасы 700 мың теңгенің айналасында болады деген болжам бар.

Жаңа iPhone-ға Apple A15 процессоры орнатылып, қымбат 13-тіктерге 120 Гц экран жиілігі қондырылмақ.

Қ. Слямбек