Clubhouse Android-қа арналған қосымша нұсқасын шығарады

Audio Social Network Clubhouse Android қосымшасының ресми сынама нұсқасын шығарды.

Қазіргі уақытта қосымшаны бірнеше қолданушы ғана пайдалана алады. Алайда компанияның ресми блогы көптеген қолданушы алдағы апталарда Android жүйесінде Clubhouse қолданбасын пайдаланып көре алатынын айтады. Қосымшаны толық қолдануға қашан беретіні әлі белгісіз.

"Біз бірнеше қолданушыға арналған алдын-ала бета нұсқасын шығаруды бастадық. Егер сіз Android қолданбасында Clubhouse пайдаланатын біреуді естісеңіз, таңғалмаңыз. Біз алдағы апталарда көбірек Android қолданушыларын Clubhouse желісіне шақырамыз", - деді Clubhouse мәлімдемесінде.

Бұған дейін аудио-әлеуметтік желінің танымал болуы ірі компанияларды ұқсас қосымшаларды жасауға итермелеген болатын. Наурызда Instagram-да осы әлеуметтік желінің анолог бөлмесі пайда болған еді.