WhatsApp-та жаңа функция іске қосылмақ

WhatsApp-та белгілі бір нөмірден не топтан келетін хабарламаларды келмейтіндей етіп өшіріп тастауға мүмкіндік беретін функция қосылды.

Қазір қосымшаның Android-қа арналған бета-нұсқасы тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Gizmochina.

Аталмыш функция қосылғаннан кейін, мессенджер қолданушылары уатсаптағы топтан шықпай-ақ оған келетін хабарламаларды өшіріп тастай алады. Мұндай функция WhatsApp-та бұрын болған. Бірақ хабарламаны 8 сағатқа, бір аптаға не бір жылға ғана өшіріп тастауға болатын еді.

Енді Telegram-дағы сияқты ұзақ уақытқа тоқтатып тастауға болады.

Сондай-ақ мессенждердің "Қойма интрейфейсі" жаңартылып, қолдануға барынша ыңғайлы етіп жасалды. Чат тізімінен іздеуге арналған батырма мен бағдарламаның өзінде мультимедианы қолдануға, мәтін мен суреттерді жөндеуге, түзетуге арналған қосымша қызметтер іске қосылмақ.