NASA Айға алғаш болып әйел ғарышкерді ұшырады

 NASA Artemis ғарыш бағдарламасының егжей-тегжейімен бөлісті. Бағдарлама бойынша агенттік 2024 жылы Айға алдымен әйел ғарышкерді, содан кейін ер ғарышкерді ұшырады.

Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін NASA Space Launch System (SLS) зымыраны мен Орион ғарыш кемесін пайдалануды жоспарлап отыр. Artemis бағдарламасы үш кезеңнен тұрады: бірінші, 2021 жылы ғарышкерлерсіз ғарышқа SLS-тің ғарышқа ұшуы, содан кейін 2023 жылы ғарышкерлермен бірге Айдың айналасында ұшу, үшінші кезең бойынша 2024 жылы Айға алғаш болып әйел ғарышкерді, содан кейін ер ғарышкерді ұшыру көзделген.

Ғалымдардың айтуынша, ғарышкерлер бір апта ішінде Айда түрлі үлгілерді жинап, бірқатар ғылыми тәжірибелер жасайды. Содан кейін олар Ай орбитасына оралып, Орион ғарыш кемесінің көмегімен Жерге қайтады.

Бағдарлама барысында роботтар мен ғарышкерлер Айдағы су сияқты ресурстарды іздейді. Содан кейін мұндай қорларды басқа пайдалы қорларға, мысалы, оттегі мен отынға айналдыру үшін зерттеу тәжірибесі жүргізіледі. Жаңа озық технологияның көмегімен ғарышкерлер Айда ұзақ қашықтыққа саяхаттап, үлкен аймақты зерттейді.