Интернет жылдамдығының рекорды жаңарды

Ұлыбритания, Жапония инженерлері ақпаратты секундына 178 терабит жылдамдықпен жіберетін технологияны жасады. Бұл интернет-провайдер нарығындағы ең жоғарғы көрсеткіштен 17,8 есе көп. Бұл туралы New Atlas хабарлады.

Әлемдегі үздік интернет-провайдерлер секундына 10 Гб жылдамдықты қамтамасыз етеді. Тіпті NASA агенттігінің интернеті секундына 400 Гб-тен аспайды.

Секундына 178 Тб жылдамдықпен Netflix стриминг сервисінің бүкіл фильмдерін бір секундта жүктеп алуға болады. Бұған инженерлер 16,9 ТГц жиіліктегі сигнал жіберу технологиясының арқасында қол жеткізген. Ол оптика-талшықты кабельдің өткізгіш қабілетін арттырады.

Инженерлердің айтуынша, бұл жылдамдықты нарыққа енгізу үшін жаңа кабельдің қажеті жоқ, тек әр 100 км сайын интернет жылдамдығын қамтамасыз ететін құрылғылар орнатылса жеткілікті.