iPhone калькуляторының пайдалы функциялары

Калькулятор кез келген смартфон мен планшетте бар. iOS-қолданушылар көп жағдайда бұл қосымшаның белгісіз функцияларын білмей, қарапайым есеп үшін ғана қолданылады. Оның көпке беймәлім, пайдалы функциялары қандай?

Бүйір свайп арқылы соңғы санды өшіру

Байқаусыз басылып кеткен артық бір цифрды сол шетке свайп жасап өшіруге болады екен. Енді артық цифрдан құтыламын деп барлығын өшірудің қажеті жоқ. 

Сандарды көшіру, қою

Калькулятордағы көрсеткішті көшіріп алу үшін үстін басып тұру керек. Сырттан көшіріп әкелген сандарды қою үшін де солай басып тұру қажет.

Инженерлік функция

Егер логарифмдер мен тангенстер пайдаланылатын күрделі есептерді шығару керек болса, iPhone-ды горизонтал бұру керек. Жаңа функциялар автоматты түрде пайда болады.