Паттерн жасауға арналған 5 сервис

Паттерндер веб-дизайнда фон ретінде көп қолданылады. Паттерннің басты ерекшелігі – онда ұқсас элементтер қайталанып, бірегей фон жасайды. Оны қолдан құрастыру қиынырақ. Дегенмен нақышты паттерндер жасауға арналған арнайы онлайн сервистер бар.

Patternico

Мұнда паттерн фонының, белгіше түсін, тұнықтығын, көлемін өзгертуге болады. Сервис қорында 1000-ға жуық белгіше бар, оған қоса өз суреттеріңізді жүктеуге болады.

Kennethcachia

Тек SVG вектор графикасы қолданылады. Қорында 18 белгіше бар, өзіңізге керекгін мына жерден жүктеуге болады. Паттерннің түсін, фонын, көлемін, тұнықтығын өзгертуге болады.

Gerstnerizer

Gerstnerizer көмегімен дайын жолақтар арқылы бірегей паттерндер жасауға болады. Сол жақтағы құрал-жабдықтар панелінде жолақтардың қалыңдығын, тұнықтығын, қисықтығын таңдауға болады. Одан төменде үшбұрыш, квадрат, алтыбұрыштың бірін таңдау керек. Шаблонды SVG форматында сақтауға болады.

Colour Lovers Seamless

Colour Lovers дайын пішіндер мен сызықтардан жолақ жасауға мүмкіндік береді. Сол жақтағы панельден фигураны таңдап, кенепке апару керек. Бағдарлама автоматты түрде фигураларды көбейтіп жібереді.

GeoPattern

GeoPattern – ең қарапайым паттерн-сервис. Ол 16 жолақ негізінде терген сөздеріңізге қарай паттерн ұсынып отырады.