Кей телефондарда WhatsApp істен шығады

Қаңтар айынан бастап WhatsApp қосымшасы Nokia S40 телефоны үшін қолжетімсіз болмақ. Ал 2 ақпаннан бастап Android операциялық жүйесінің 2.3.7 ескі нұсқасында бұл қосымша жойылады. Бұл ақпаратты WhatsApp мессенджерінің ресми сайты хабарлады.

Жоғарыда айтып өткен операциялық жүйе қолданушылары енді қосымша ішінде жеке аккаунт аша алмайды. Уақыт өте, осыған дейін телефонға көшірілген қосымшалар да істен шығатын болады.