Әлемдегі ең кішкентай процессор

Техника заманы, IT ғасыры десек те, қуаты күшті компьютерлердің әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан маңызды кемшілігі бар. Ол – процессорлардың ауыр әрі үлкен болуы.

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында IBM компаниясы әлемдегі алғаш ең кішкентай процессор шығарды. Ол тұз грануласынан да ұсақ.

«Алдағы бес жыл ішінде мұндай техникалар кең қолданысқа ие болады», - деді IBM компаниясының вице-президенті және сараптама бөлімінің басшысы Арвинд Кришна IBM Think 2018 конференциясында айтқан сөзінде.