Роботтар мұғалімді алмастыра ала ма?

Робототехника, жасанды интеллект және өзге де болашақ технологиясының дамуымен бірге адамдарды мазалаған сан сауалға әлі жауап табылмады. Соның бірі, болашақта олардың саласын жасанды технологиялар алмастырмас па екен? Соның ішінде білім жүйесіне технологияның енгізілуі қарқынды жүріп жатыр.

Жақында Оксфорд Университетінде жоғалу қаупі бар деген 700-ге жуық салаға зерттеу жұмысын жүргізіліп, сараптама жасады. Нәтижесінде мұғалімдерге төніп тұрған қауіп жоққа шығарылды.

Неге жасанды зияткерлік қабілетке ие болашақ роботтар мұғалімді алмастыра алмайды?

Мұғалім – тек ақпарат көзі ғана емес, өмірлік сабақ пен кеңес беріп, қиын шақта қолдау көрсететін адам. Болашақта дәрігер, психосарапшылар мен саясаткерлерді ғана роботтар алмастыруы мүмкін деген болжам ғана шындыққа сәйкес келеді. Ал, қалған маман иелеріне төніп тұрған қауіп мөлшері сәл төменірек.

Дегенмен, мұғалім қызметін атқарып жүрген репетитор мамандарды болашақ керек етпейтін болады. Өйткені, бос шығындалғаннан гөрі оның орнын уақыт пен жүйеге сәйкес жұмыс жасайтын роботтар алмастырады немесе технологиялардың өзге саласы бұл мамандарды жұмысынан айыруы мүмкін.

Мысалы, қарапайым ағылшын тілінің репетиторы. Өйткені, мобильді қосымшалар, интернет ұсынатын ақпарат көздері, осының барлығы артық жұмысты қажет етпейді. Шығыныңыздың да мөлшері азаяды.

Егер ерік-жігеріңіз мықты болса, интернеттен дұрыс ақпарат бере алатын сайт тауып алып, күніне бір-екі сағатыңызды арнап-ақ, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Тапсырмалар, жаттығулар, емтихан жұмыстары секілді мүмкіндіктерді тірі адамның көмегінсіз іске асыра аласыз.