Айға адам тұратын модуль жіберіледі

Америкалық Bigelow Aerospace компаниясы мен United Launch Alliance ұйымы бірлесе отырып Айға адам тұратын В330 модулін жібермек. Ол 2022 жылға қарай дайын болады.

Алдымен В330 Жер шары төңірегіндегі орбитада бірнеше уақыт тоқтап, оның жұмысқа қабілетті екеніне көз жеткізілгеннен кейін ғана Айға жіберіледі. Жердің серігіне тұрғын модулі арнайы екі зымыран көмегімен жеткізіледі.

Модульді жасаушылардың айтуынша, бұл талпыныс NASA ұйымының болашақта Марсқа да адамдар тасымалдай алатындығын дәлелдемек.

B330 модулінің ұзындығы 13,7 метр, ал диаметрі 6,7 метр. Онда шамамен 6 адам мекендеп, жұмыс істей алады.