YouTube желісі ұсынатын мүмкіндіктер

Егер сіз видеоларды қарауға смартфон немесе планшет қолданатын болсаңыз, мына қызметтерді білу сізге артық етпейді: 

1. Алға жылжыту мүмкіндігі;

Дисплейді оңға немесе солға қара екі рет сілку арқылы видеоны 10 секунд алға жылжытуға болады. Егер бірнше уақытқа алға жылжытқыңыз келсе бұл әрекетті бірнеше рет қайталаңыз.

2. Панорамалық видеоларды қарау;

Сіз «360 градусты видео» атауды сұранысқа енгізіп, өзіңіздің құрылғыңызды жан-жаққа жылжыту арқылы қарай аласыз.

3. Фондық режим;

Сіз ұялы телефонды өзге мақсатқа қолдануды қалап, бірақ, видеоны керек етсеңіз одан шығатын жол бар. 
iOS
YouTube желісін «Safari»-де ашып, видеоны жүргізіңіз. Кейін браузерден шығып, «Үйге» (Домой) батырмасын басып шығып кетіңіз. Кейін, жоғарыға свайп жасау арқылы, басқару аймағына өтіңіз. Ол жерде сіз қарап отырған видео туралы ақпарат болуы тиіс. Бар болғаны,  Play үшбұрышын басыңыз. Фондық режимде видео жүре береді.

Android
Chrome немесе Firefox браузерлерін пайдаланып,  YouTube желісіе кіріңіз. Бапталардың мәзіріне кіріңіз де, жоғары оң қапталда орналасқан «Толық нұсқасын ашу» батырмасын таңдаңыз. Видеоны ойнатып, браузерден шығыңыз. Аудио фондық режимді қалып қояды.

4. Балаларға арналған YouTube;

Балаңыздың қарап жатырған видеоларына бола алаңдамау үшін балаларға арналған арнайы бағдарламаны ұялы телефоныңызға жүктеп алыңыз. Онда тек балаларға арналған видеолар сақталған. Жарнамалар да балалар үшін. Бұл YouTube желісі сияқты тегін.

5. Видео жүктеу;

YouTube жеісіндегі арнаңызға видео жүктеу үшін камераның белгісін басыңыз. Өндеу аймағы арқылы фильтр қосып, түрлі эффектілер арқылы сәндеуге болады. Тіпті видеоны кесіп, музыка қосуыңызға мүмкіндік бар.