Facebook сериал түсіруге кіріспек

Facebook сериал түсіруге кіріспек
Фото: vk.com

Facebook компаниясы Голливуд студияларымен келісімшартқа отырмақ. Басты мақсат – сериалдар түсіру.

Әлеуметтік желінің басқарушы топ мүшелері жоспары бойынша әр серияға кететін қаржы 3 миллион доллардан аспауы тиіс. Негізгі нысан, яғни, көрермен — 13 пен 34 жас аралығындағы жастар. Сериалдарда саяси тақырыптар талқыланбайды, сондай-ақ,  әдеби нормаға жатпайтын лексика қолданылмайтын болады.

Америкалық БАҚ хабарлауынша, компания екі бағыттағы сериал туралы келісімшартқа әлдеқашан қол қойып, жұмысқа кірісіп кеткен. Олардың бірі — теле-ойын, екіншісі – жастардың арасындағы сезім туралы сериал. Facebook әлеуметтік желісінің алғашқы сериалы осы тамызда көрерменге жол тартпақ.

А. Оралқызы