Жапондарда ауа райын «болжайтын» қолшатыр бар (видео)

Жапондарда ауа райын «болжайтын» қолшатыр бар (видео)
Фото: ifitshipitshere.blogspot.com

Күнделікті үйден шықпас бұрын көбімізді «бүгін жауын жауар ма екен» деген сұрақ мазалайды. Ал Жапониядағы компаниялардың бірі күн райын болжап беретін «ақылды» қолшатыр ойлап тауыпты.

Jonas деп аталатын бұл инновациялық өнім арнайы бағдарлама арқылы смартфонға қосыла алады. Бұл қолшатырдың көмегімен тек ауа райы туралы біліп ғана қоймай, телефонды бөлмеде жатқан жерінен тауып ала аласыз. Тек қолшатырды сілкілесеңіз болды: смартфонның вибрациясы өздігінен іске қосылады. Қолшатыр батареялардың көмегімен жұмыс жасайды.

Дереккөз: inform.kz

Е. Жұмабайұлы