Мың роботтың биі миллиондаған адамды таңғалдырды (Видео)

Мың роботтың биі миллиондаған адамды таңғалдырды (Видео)
Фото: tech.onliner.by

Бұрын адамның көптігімен әртүрлі билердің орындалғанын естіп таңқалушы едік, қазіргі таңда озық үлгіде жасалынған роботтардың да мыңдаған санының біркелкі билегеніне көзіміз жетті. Қытайдың Шаньдун провинциясындағы ғалымдардың басына түскен ой, өз нәтижесін берді. Бір минутта 1007 роботтың синхронды биі, әлемдегі ең көп құлтемірдің рекордын орнатты.

Биіктігі 43,8 сантиметрлік кішкентай құлтемірлер, ұялы телефон арқылы басқарылған. Бір минутқа созылған керемет көрініске әлем жұртшылығы шынымен де таңқалуда.    

Ал, бұған дейін бір уақытта синхронды билеген роботтар саны бойынша да әлемдік рекорд Қытай елінде тіркелген. Ол кезде "UBTECH" корпорациясының ойлап шығарған техникасының саны 540 дана болған еді. 

B. ZHAQSYMBET