Apple өнімінен қателік табылды

Apple өнімінен қателік табылды

Apple ұсынған OS Х операциялық жүйесінің тұтынушылары корпорациядан қауіпсіздікті қамтамасыз етуін сұрап отыр. Бағдарламалық қамтудың жаңаланған нұсқасы iPhone, iPad және iPod тұтынушыларын кибер шабуылдан қорғау мақсатында өткен аптада шығарылған болатын.

Соңыра айқындала түскендей, бұл ақаулық Apple-дің ноутбуктары мен OS X операциялық жүйесімен жұмыс істейтін персоналды компьютерлерде де бар болып шықты.

АНТИВИРУС ЖОСПАРМЕН ҚАМТЫЛҒАН ЖОҚ, ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН РЕТТЕЛУДЕ

Бұл ділгірлік алдымен iOS 7 операциялық жүйесімен басқарылатын Apple-дің мобильді құрылғыларында бар екені анықталған болатын. Google және Facebook үстемелерінің сафари Apple мен браузер арасындағы қауіпсіз жалғаудан табылды. IOS Apple пен OS X операциялық жүйелеріндегі осал жердің сертификатталған қорғанысы талапқа сай тексеруден өтпеген болып шықты. Бұл ағымдағы ақпараттың жоғалуы немесе ұрлануы мүмкін деген сөз.

"Біз бұл ділгірліктің негізін білеміз және оның ақпараттық қорғанысы қамтылуда, жуырда барлық тұтынушыларға жіберіледі", – дейді антивирус құрастырушыларның бірі. Нақты техникалық зерттеуге орай, бұл ақаудың бірнеше ай бұрын үдерісте болғанын айғақтайды, дегенмен ешкім көпшілікке айта қоймаған, себебі Apple компаниясында бұл бұрын соңды болмаған жағдай.

"Техникалық ақаудың ертеректе табылмағаны, компанияға қымбатқа түседі", – дейді бағалы қағаздар бойынша сарапшы Грэм Клули. Компания әзірге антивирус дайын болмайынша ғаламторды қолдану кезінде Сафариге ұқсас өзге браузерлерді қолданбауын өз тұтынушыларынан сұрап отыр.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: edition.cnn.com

Ж. Өрісбай