- Негізгі бет
- Театр
- Вокалды-аспаптық микс...
Вокалды-аспаптық микс
Атақты аспапшылар – виолончельші Ермек Кұрманаев, дарынды пианиношы Арман Тілеубергенов және белгілі тенор, «Астана Опера» театрының жетекші солисті Мейір Бәйнешов 25 ақпанда «Астана Опера» театрының Камералық залының сахнасында өнер көрсетеді.
Көпшіліктің назарына классикалық әлемдік музыкалық жауһарлардың ерекше үйлесіміндегі танымал қазақ және неаполитандық әндер ұсынылады.
Кешті халықаралық байқаулардың лауреаттары,ерекше дарынды әрі музыканы терең ұғынатын өнерпаздар Ермек Құрманаев және Арман Тілеубергенов ашады. Орындаушылар XIX ғасырдың ең атақты композиторларының бірі - Сезар Франктың Ля мажор сонатасын паш етеді.
- Бірінші кезекте, бұл техникалық әрі көркемдік жағынан өте күрделі шығарма. Оның тарихы қызық: бұл соната бастапқыда виолончельде орындау үшін жазылған, алайда ол кейін ұзақ уақыт бойы скрипкада орындалды, ал енді менің аспабыма келсек, меншығарманың бастауына ораламын,- деп атап өтті Ермек Құрманаев.
Концерт қызық әрі қарқынды болады деп күтілуде, неге десеңіз, аспапшылар үнемі эксперимент жасау арқылы үйреншікті шеберліктерін түрлендіруде. Әртүрлі стильді көрсету, елордалық көрерменді қызықтыру - олардың алдарына қойған негізгі міндеті.
- Академизм - қатаң дәстүрлі классиканың көрінісі, бүгінгі таңда ол көрерменді ғана емес, әртістердің өздерін де қызықтыра алмайды. Әрдайым жаңа әрі қызық дүниені байқап көргіміз келеді. Бағдарламамызда ұсынылатын формат, біздің ойымызша, ерекше бағдарлама болмақшы. Оның үстіне, осындай жаңалықтар заманауи классикалық сахнаның негізгі сипатына айналады деп ойлаймын. Аспаптық музыка көптеген көрермен үшін түсінгенге айтарлықтай күрделі; вокалдық музыка адамдарға бұрыннан жақын, - деп көрнекті пианиношы, саусағынан бал тамған дарын иесі Арман Тілеубергенов атап өтті.
«Астана Опера» театрының жетекші солисті Мейір Байнешовті, Арман Тілеубергеновті және Ермек Құрманаевты ұзақ жылдан бергі шынайы достық сезімі байланыстырып келеді. Осы кеште әнші итальялық композитор Р.Леонкаваллоның «Таң сәрісін», Эдуардо ди Капуаның «’O sole mio», Сальваторе Кардиллоның «Core n’grato», сонымен қатар қазақтың халық әндері «Құсни-Қорлан», «Қараторғай», «Дедім-ай» және т.б. орындайды.
- Итальялық және қазақтың дәстүрлі өнерін бір ғана шағын концерттің аясында қиыстыру – бұл тек эксперимент. Біз ешқандай тұжырымдама құрған жоқпыз. Итальялық әндер әсем, сезімге толы және олар әлемде кеңінен тараған. Біз вокалист болмасақ та, оларды ойнағымыз келеді, сондықтан олар концерт бағдарламасына енгізілген. Ал қазақ шығармаларына келсек, біз қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің ескерткіштеріне әрқашанүлкен құрметпен қараймыз, сондықтан қазақтың дәстүрлі музыкасын да қазіргі заманғы отандық композиторлардың музыкасын да орындауға тырысамыз. Концертке вокалистің қатысуы бізге Қазақстан әндерін орындауда ерекше мүмкіндік берді,- деп қорытындылады Арман Тілеубергенов.
Г. Берік