«Астана Опера» театрында қазақстандық композиторлар мектебінің алыптары

«Астана Опера» театрында қазақстандық композиторлар мектебінің алыптары
Фото: Карла Нұр

18 ақпан күні «Астана Операның» Камералық залында заманауи қазақстандық композиторлар шығармасының ең үздік үлгілері ұсынылады. Белгілі отандық авторлар қатысатын «Дархан дала» концерті Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Композиторлар-замандастар» жаңа циклін ашады.

Қазақстан композиторларының музыкасы тек өзіміздің республика аймағында ғана емес, Италия, Ұлыбритания, Франция, Ресей және т.б. шет елдерде орындалып жүр.

Кеш бағдарламасына тыңдармандардың сүйікті әндері: М.Төлебаев, Ғ.Жұбанова, Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Б.Қыдырбек, Т.Мұхамеджанов, С.Еркімбеков, С.Әбдінұров, А.Әбдінұров, К.Дүйсекеев, Ж.Тұрсынбаев, Е.Өміров, А.Тоқсанбаев, А.Алпысбаев, Д.Останькович, И.Жақанов, А.Тани сияқты классикалық және заманауи әуендері, романстары, ариялары енді.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, композитор Серік Еркімбеков осы концертке атауы берілген «Дархан дала» әні халық ақыны Сырбай Мәуленовпен кездесуімен, оның  шығармашылық өмірбаянымен байланысты екенін атап өтті. Оның жинағынан алынған өлең жолдары, жоғары поэзиялық сөз саптауы, ой-өрісінің кеңдігі, өмірге деген тамаша философиялық көзқарасымен, қазақ жері табиғатының әсем суреттерімен композиторға шабыт берді. Сөйтіп С.Еркімбеков тыңдармандарға өз басынан кешірген терең сезімдерді жеткізуге тырысты.

– Мәдениетті ел өмірінен бөліп алу мүмкін емес. Барлық күшіміз бен  шығармашылық шабытымызды өз Отанымыз туралы айтуға бағыттаймыз.  Көбінесе бізді Отанға деген махаббат шабыттандырады, сондықтан да біз халқымыздың рухы, оның әдемілігі, жақсылыққа, биік мұратқа талпынуын көрсететін шығармалар жазамыз. Бұл концерт шығармашылығымыз, рухани әлемтанушылық, сезіну және алға жылжудың табиғи жалғасы болып табылады. Композициямен берілген тақырыптар, ойлар, бейнелер ғұмырымыздың, өмір сүру  кеңістігінің түрлі қырын көрсетеді, – дейді Серік Еркімбеков.

Кеш қонақтары елімізге белгілі айтулы қазақстандық композиторлар: Кеңес Дүйсекеев, Балнұр Қыдырбек, Серікжан Әбдінұров, Жоламан Тұрсынбаев және т.б. болады. Серік Еркімбеков, Әліби Әбдінұров және Дмитрий Останькович шығармасын Камералық зал сахнасында орындайды. Концертте театрдың көрнекті солистері – ҚР еңбек сіңірген әртістері Жаннат Бақтай, Ғалия Байғазинова, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Ниязова, Дина Хамзина, Жанат Шыбықбаев, халықаралық байқаудың лауреаттары Айзада Қапонова, Роза Нүркей, Әсем Сембина, Бейімбет Таңарықов, Ескендір Әбжанов, Болат Есімханов, сонымен қатар, Б.Әлібекова жетекшілік ететін белгілі «Елігай» хоры және тағы да басқалар.

Фортепиано партиясын – композиторлар: Серік Еркімбеков, Дмитрий Останкович, Әліби Әбдінұров, сонымен қатар халықаралық  байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова, Елена Сахно, Ирина Кургузкина, Гауһар Тасбергенова орындайды.

Концерттің басталуы: сағат 19:00.

Г. Берік