- Негізгі бет
- Театр
- "Сахнагер-2018": Үздіктер топ...
"Сахнагер-2018": Үздіктер топ жарған күн
Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған «Сахнагер-2018» Ұлттық театр жүлдесінің марапаттау рәсімі М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрында өтті. Қазақстан Театрлары Ассоциациясы ұйымдастырған бұл жүлде, 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай, Республикамыздағы театр ұжымдарынан іріктелген ең үздік кәсіби мамандарға шығармашылық жетістіктері мен еңбектері үшін табыс етілді.
Салтанатты жиыннан бұрын, Қазақстан Театрлары Ассоциациясына мүше театр ұжымдары басшыларының және өнер қайраткерілерінің қатысуымен БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз конференциясы өтті. Олар "Сахнагер" Ұлттық жүлдесінің мақсаты мен міндеттері туралы айтып, журналистер қойған сұрақтарға жауап қатты.
Мерекелік шараны "Елордадан Алатауға сәлем" атты гострольдік сапармен келген "Астана Musical" театры шағын қойылыммен ашты.
Қазақстан Театрлары Ассоциациясының Президенті, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов, Ассоциацияның вице-президенті, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров "Сахнагер" Ұлттық жүлдесіне үміткерлерді тағы бір мәрте құттықтап, шараның берер пайдасы мен театрдың маңыздылығын тағы бір мәрте атап өтті.
Марапаттау рәсімі басталмас бұрын концерттік бағдарламар қойылды.
"Үміт" номинациясы бойынша жас актерлер марапатталды. Олардың қатарында, М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Зарина Карменова, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы Динара Нұрболат та бар.
«Сахналық ғұмыр» номинациясы бойынша Сәбит Оразбаев (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры), Татьяна Тарская (Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), Роза Әшірбекова (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), Бекен Имаханов (Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы музыкалық драма театры), Күләш Сакиева (Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы музыкалық драма театры), Абуева Сабила (Алматы Мемлекеттік қуыршақ театры), Рубен Андриасян (М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры) марапатталды.
«Үздік актер» – Роман Чехонадский (М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), Дәурен Серғазин (Астана Жастар театры);
«Үздік актриса» – Айнұр Бермұхамедова (Астана мюзикл театры), Пяк Антонина (Мемлекеттік академиялық кәріс музыкалық комедия театры);
«Үздік сыншы» – Әлия Бөпежанова (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры);
«Үздік екінші план актері» – Төлеубек Аралбай (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры), Кенжебек Башаров (Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры);
«Үздік екінші план актрисасы» – Толқын Нұрбекова (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры), Гүлбахар Насырова (Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры);
«Үздік менеджер» – Берік Жаменов (М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық драма театры);
«Үздік опера солисі» – Сүндет Байғожин (Астана опера және балет театры);
«Үздік костюм суретшісі» – Гүлшат Омарова (Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры);
«Үздік режиссер» – Наталья Дубс (Республикалық академиялық неміс драма театры),
«Үздік сахна суретшісі» – Бақыт Сраилов (Оңтүстік Қазақстан облыстық Қ.Жандарбеков атындағы сазды драма театры);
«Үздік қуыршақ әртісі» – Болат Момынжанов (Алматы Мемлекеттік Қуыршақ театры),
«Үздік драматург» – Иран-Ғайып;
«Үздік театртанушы» – Еркін Жуасбек (Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры).
«Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» Есмұхан Обаев (М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры), Лейло Бекназар-Ханинга (Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры), Райхан Ибраева (С.Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық драма театры), Нұрнияз Мұқанов (Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театры), Якушев Юрий (М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры), Еркін Қасенов (М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры) марапатқа ие болды.
Әсем шараның қызықты сәттерімен бөлісеміз:
Республикалық академиялық неміс драма театрының ерекше қойылымы
М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театры
Марапаттау сәтінен
М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры актерлері "Біз актерміз" атты ерекше әнмен салтанатты шараны аяқтады.
Т. Есқали