"Астана мюзикл" театры - Алматыда!

"Астана мюзикл" театры - Алматыда!
Фото: auezov-theatre.kz

Күні кеше қазақ өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театрдың жастары "Елордадан Алатауға сәлем" атты гастрольдік сапармен келген "Астана мюзикл" театрын сән-салтанатымен қарсы алды.


Аталмыш театрдың қойылымдарын бүгін, яғни 23 наурыздан бастап 27 наурыз аралығында Әуезов театрынан тамашалай аласыздар.


23,24,27 наурыз күндері сағат 19.00 де "Ромео мен Джульетта" мюзиклі, 25 наурыз сағат 19.00 де "Достар серті", 26 наурыз сағат 15.00 де "Жырлайды жүрек" атты музыкалық- поэтикалық спектакль, сағат 19.00 де "Қыз Жібек" этно-фольклорлық мюзиклі халық назарына ұсынылады.
Театрға асығыңыз, оқырман!

А. Оралқызы