Нұрғиса Қуанышбайұлы: «Мен үшін театрдың орны ерекше»

Нұрғиса Қуанышбайұлы: «Мен үшін театрдың орны ерекше»
Фото: М. Әуезов театры

Театр – сіз бен бізге беймәлім әлем. Актерлер сол беймәлім әлемнің жұмбақ кейіпкерлері іспеттес. Жас актер Нұрғиса сіздерге театр мен талант сырын шертеді.

ффф

Нұрғиса Қуанышбайұлы,
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері

"Өзім айтам өз жайымда..."

Мен 1993 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауылында дүниеге келдім. Бірақ, балалық шағым, өмірім Алматы қаласында өтті. Осы жерде мектепті аяқтап, академияға түстім. Оразхан Кенебаев шеберханасында жетілдім. 2015 жылы оқу орнын аяқтап, бүгінде Әуезов театрының сахнасында өнер көрсетемін. Одан бөлек, "Жас сахна" театрында қызмет етемін. 

"Біздің мамандық түймедейді түйедей ету"

Орыс актері Олег Леушиннің бұл пікірімен толықтай келісемін. Өмірдегі күнделікті жағдайларды сахнада жайбарақат көрсете алмаймыз. Театр мен кино әлемі ерекшеленеді. Кинода өмірдегідей ойнауың керек. Өйткені, адам жанының айнасы – көз арқылы бәрін ұғуға болады. Бірақ, театрда іс-қимыл, сөз бен дауыс арқылы беріледі. 

ччч

Мен ұнататын кейіпкер

Маған ыстық рөлдердің бірі – "Одноклассники" қойылымындағы Хенек образы. Сонымен қатар, "Ромео мен Джультта" қойылымындағы Меркуцио рөлі жаныма жақын. Әрине, жағымды кейіпкерлерді сомдаған ұнайды. Бірақ, келіс-келбетім жағымсыз кейіпкерге көбірек келеді. 

Актерлік шеберлік еңбекпен келген

Туа бітті таланттар болады, ал, кейбіреуі оған қол жеткізу үшін ұзақ уақыт еңбек етеді. Еңбек арқылы қалыптасқан актерлік шеберлік мақсат қоюдың арқасында ғана іске асады. Талантты адам да бойындағы дарынын сақтап қалу үшін еңбектенуі керек. Мендегі актерлік шеберлік еңбекпен, талпыныспен, ізденіспен келді. 

яяМен өзімді басқа салада елестете алмаймын: 
Анам театрда "Киім беру" цехының меңгерушісі болып қызмет етеді. Бала кезімнен театрда өстім. Қойылымдарды көріп, бақылап жүріп, театрға ғашық болдым. Театрға барамын деген ойымды естіген сәтте ата-анам қарсылық танытты. Бірақ, үйдегі үшінші бала болғаным әсер етті ме, білмеймін, жолымды бөгемеді. Өз таңдауыма өкінбеймін. Өйткені, өзімді басқа саланың маманы ретінде елестете алмаймын. 

Театрда өскен мен үшін сахна... 
... Киелі жер... 

Сахнада жіберген қателігім

Театрға алғаш келген кезде "сынақ алаңына" тап болдым. Қыздар ғана ойнауы тиіс жерде менің кенеттен шығып кеткенім бар. Қыздардың бірінен "Мен бұл жерде бармын ба?" деп сұрап қоямын. Қыздар болса "Жоқ, жоқ, кет-кет" деп жанталасып жатыр. Мен болса "Жарайды, жақсы..." деп, дым болмағандай, асықпай сахнадан шығып кеттім. 

Театрдағы "мен" және шынайы Нұрғиса 

Өмірде тұйық адаммын. Театрда да сол қалпымды сақтауға тырысқаныммен, мамандығым – актер. Сондықтан, ашылуға, сөйлеуге тура келеді. 

Мен үшін театр маңыздырақ

Режиссер таңдау мүмкіндігі туса, Стивен Спилбергтің фильмдеріне түсуді қалар едім. Бірақ, мен үшін кино мен театрдың арасында, екіншісінің орны ерекше. Театрды ешнәрсеге алмастырмаймын. Ал, қойылымдарға келсек, болашақта Шекспирдің шығармалары сахналанып жатса, ойнар едім.

Т. Есқали