«Астана Опера» театрында «Ұйқыдағы ару» балеті қойылады

«Астана Опера» театрының сұңғақ бойлы, сымбатты әрі жас балет солисі Еркін Рахматоллаев П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінде ханзада Дезиренің партиясын орындайды. Балет өнерінің нағыз жауһар туындысын көпшілік 11 қарашада тамашалай алады, – деп жазады Massaget.kz тілшісі "Астана Опера" театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бұл партиялар бір-біріне ұқсас. Жағымды кейіпкердің көңіл-күйін білдіру жолы ортақ, ал стиль жағынан өзгешеліктер болуы мүмкін, – дейді Еркін Рахматоллаев. 

Аврора ханшайым партиясын Әйгерім Бекетаева, Мамыргүлді Әнел Рүстемова, зұлым пері Карабосты Бауыржан Мекембаев, Көкқұсты Бауыржан Боранбаев, Флоринаны Назерке Аймұхаметова сомдайды. 

Спектакль 19.00-де басталады.