Ғ.Мүсірепов атындағы театр «АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассоциациясының Қазақстандағы орталығы болып жарияланды

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры «АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассоциациясының Қазақстандағы орталығы болып жарияланды. Әлемнің 83 мемлекеті қатысатын бұл ұйымдар қатарына тұңғыш рет мемлекетіміздің өнер ошақтары 84-ші болып қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айта кетсек, «АССИТЕЖ» дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер театрлар ассоциациясы 1965 жылы құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді театр әлеміне қызықтыру, театр өнерін насихаттау. Олардың өмірін театр өнерімен байланыстыру және театрдың ғажайып қыр-сырын көрсетіп, үлкен мүмкіншілікттерге қалай қол жеткізуге болатындығын көрсету.

АССИТЕЖ – дүние жүзіндегі балалар мен жасөспірімдер театрларымен біріге жұмыс істеп, тәжірибе, ұлттық дәстүрлермен алмасуға мүмкіндік береді.

«АССИТЕЖ» дүниежүзілік ассоциациясының Қазақстандағы ұйымының мүшелері:

- Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры;

- Астана Жастар театры;

- Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;

- Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі;

- Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, колледжі.