"Астана Опера" сахнасында бірегей камералық дуэт өнер көрсетеді

"Астана Опера" сахнасында бірегей камералық дуэт өнер көрсетеді

19 наурызда "Астана Опера" театрының Камералық залында жұлдызды дуэт Ермек Құрманаев (виолончель) пен Арман Тілеубергенов (фортепиано) өнер көрсетеді. 

"Қазақстанның алтын виолончелі" атанған Ермек Құрманаев пен аты Қазақстаннан да шалғай тараған елеміздің асқан шебер пианиношысы Арман Тілеубергенов жарқыраған дуэт құрып, өздерінің Астанадағы концерттерін өткізеді. Музыканттардың шеберлігіне түрлі жылдары Франция, Италия, Алмания, Ресей, Түркия, Венгрия, Чехия, Австрия, Испания және Португалия елдерінде көрермен тарапынан жоғары баға берілді.

Жыл басы – Наурыз мерекесі қарсаңында музыканттар елорда тұрғындары мен қонақтарына И.С. Бах, Ф. Шуберт және Р. Шуманның шығармаларынан ұсынылатын тамаша бағдарлама әзірледі.

Аталған дуэттің шығармашылық жолында зор табысқа бөленгеніне 10 жылдан асты, соған қарамастан олардың әрқайсысы отандық мәдениет саласында орны ерекше тұлға.

Баспасөз өкілдері Ермек Құрманаевты "Қазақстанның бірінші виолончелі" атағанына біраз болды, журналисттердің оған берген тағы бір бағасы – ол түрлі дәуірлер мен түрлі стильдерді асқан шеберлікпен қиыстырып, бірегей сазды материалды тамаша орындап шығады.

Арман Тілеубергенов аталған концерт Наурыз мерекесі қарсаңында тыңдарманға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп үміттенеді.

Ермек Құрманаев П.И.Чайковский атындағы Мәскеудің мемлекеттік консерваториясын тәмамдаған. Ресейдің халық әртісі, профессор Н.Шаховскаяның класында оқыған. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты. 2008 жылы Е. Құрманаев РҚ Тұңғыш Президенті қорының лауреаты атанды. ҚазҰӨУ ұстазы. Т. Гайдамович ат. II камералық-ансамльдік орындаудан халықаралық конкурстың Бірінші жүлде иегері (Ресей, 2009 ж.).

Арман Тілеубергенов ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, доцент Т. А Орманшеевтің басшылық етуімен Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген. Көптеген Халықаралық конкурстардың лауреаты және дипломанты. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның фортепианоға кафедрасының доценті. Т. Гайдамович атындағы II камералық-ансамльдік музыка орындаудан халықаралық конкурсының Бірінші жүлде иегері (Ресей, 2009 ж.).

Сурет: Театрдың баспасөз қызметі

Ф. Абилова