Астанада «Операға деген махаббат» атты концерт өтеді

Астанада «Операға деген махаббат» атты концерт өтеді

«Астана Опера» театрының жетекші солистері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Жан Тәпин мен Талғат Мұсабаев 29 қарашада Камералық залда «Операға деген махаббат» атты концертте өнер көрсетеді, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Концерт бағдарламасын опералық классиканың сирек орындалатын ариялары құрайды. Кеште Г. Гендель, В. Моцарт, Г. Доницетти, В. Беллини, Дж. Верди және басқа атақты композиторлардың туындылары шырқалады. 

Концерттің авторы Халықаралық конкурстардың дипломанты Долорес Үмбетәлиева бұл кеште «Сарайдағы алып қашу», «Ең сүйіктісі», «Пуритане» және басқа опералардан танымал ариялар шырқалатынын айтады. Фортепиано партиясында – Долорес Үмбетәлиева.

Концерт бір бөлімнен тұрады, билет бағасы 1 500 теңгеден жоғары. 

Қапы қалмаңыз!

Сурет: strategy2050.kz

Ф. Абилова