"Астана Опера" театрының жаңа басшысы ұжымымен танысты

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 14 қарашада «Астана Опера» театрының ұжымына жаңа директоры Төлеубек Әлпиевті таныстырды.

Министр Мемлекет басшысының атынан «Астана Опера» театрының бірінші директоры Төлеген Мұхамеджановқа «Астана Опера» театрының әлемге аты шығуына себепші болған жемісті жұмысына және үздіксіз атқарған еңбегі мен талантына алғыс білдірді.

Театрдың жаңа басшысы Төлеубек Әлпиевті таныстыру барысында министр театр басшылығының бірізділігіне сенім арта отырып, өнер ұжымына үлкен жетістік пен жаңа белестерді бағындыруды тіледі.

Сурет: Карла Нур